АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Кілт сөздер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, субъективтік құқық, тұлғаның құқықтары, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, жеке бастың құқықтары, саяси құқықтар, жеке мүліктік емес құқықтар, абсолюттік құқықтар, міндеттемелік құқықтарАңдатпа
. Статья посвящена актуальной на сегодняшний день проблеме роли гражданского права в обеспечении прав личности. Значительное внимание уделяется анализу исследований об интересах личности, проведенных в трудах Н.А. Шайкенова. Автор раскрывает проблему обеспечения прав личности в современных условиях и приходит к выводу, что большинство этих прав (за исключением политических прав) в той или иной степени регулируются гражданским правом.
Проанализировано соотношение понятий «интерес» и «субъективное право». При этом, если субъективное право Н.А. Шайкенов рассматривал как основное правовое средство реализации интереса, автор статьи приходит к выводу, что смысл существования субъективного права как юридического явления состоит в том, чтобы дать личности эффективное правовое средство в ее общественных отношениях для удовлетворения потребности, реализации ее интереса, взятого под охрану государством.
В статье раскрывается содержание понятия «права личности», а также проведен анализ взглядов исследователей на личные, политические, социально-экономические и культурные права человека в современных условиях.
Мақала бүгінгі күнге өзекті болып табылатын тұлғаның құқықтарын қамтамасыз етудегі азаматтық құқықтың рөлі мәселесіне арналған. Айрықша назар Н.А. Шәйкеновтің еңбектерінде жүргізілген тұлға мүдделері туралы зерттеулердің талдауына аударылады. Автор қазіргі жағдайдағы тұлғаның құқықтарын қамтамасыз ету мәселесін ашып, бұл құқықтардың көпшілігі (саяси құқықтарды қоспағанда) сол немесе өзге дәрежеде азаматтық құқықпен реттелетіні туралы қорытынды жасайды.
«Мүдде» және «субъективтік құқық» ұғымдарының арақатынасына талдау жасалады. Бұл ретте егер Н.А. Шәйкенов субъективтік құқықты мүддені жүзеге асырудың негізгі құқықтық құралы ретінде қарастырса, мақаланың авторы субъективтік құқықтың заңи құбылыс ретінде болуының мәні тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыру, оның мемлекетпен қорғалатын мүддесін жүзеге асыру үшін оған қоғамдық қатынастарда тиімді құқықтық құралды беру болып табылады деген қорытындыға келеді.
Мақалада «тұлғаның құқықтары» ұғымының мазмұны ашылады, қазіргі жағдайдағы адамның жеке, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтары туралы зерттеушілердің көзқарастарына талдау жасалған.
Жеке құқықтарды мүліктік құқықтармен байланысты және байланысты емес жеке құқықтарға заңды бөлуден, сондай-ақ құқықтар мен бостандықтарды табиғи және «позитивтік» деп бөлуден бас тарту идеясы негізделеді, себебі қазіргі жағдайда мұндай бөлу заңды мәнінен айрылып жатыр.
Автор азаматтық құқықта «қамтамасыз ету» термині қолданылмайтынын атап өтеді. Негізгі терминдер болып «азаматтық құқықты сақтау» және «азаматтық құқықтарды қорғау» табылады. Осыған орай «құқықты сақтау» және «құқықты қорғау» ұғымдарының арақатынасы туралы зерттеушілердің көзқарастарына талдау жасалады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекітілген «өзін-өзі қорғау» ұғымының тәсілдемесіне қолдау білдіріледі