ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨЛІК-ТРАНЗИТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Авторлар

  • Айман Құдайбергенқызы Құсаинова
  • Ляззат Талғатқызы Назарқұлова

Кілт сөздер:

көліктік жүйе, құқықтық реттеу, көлік дəлізі, транзит, магистраль, маршрут

Аңдатпа

Осы мақалада Қазақстандағы көліктік-транзиттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері қарастырылған. Нарықтық қатынастарды дамыту жағдайында көліктік-транзиттік қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру ерекше маңызға ие. Қазақстанның транзиттік саясатын дамыту өзекті мәселеге айналуына байланысты олар ерекше маңызға ие. Сондықтан, 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауында Үкіметке 2020 жылдың басына дейін мынадай көлемдерде жылдық транзиттік қозғалыстарды арттыруды қамтамасыз ету міндеттері қойылған: контейнерлер арқылы тасымалданатын арналған жүктерге жеті есе (2 млн контейнер); жолаушыларды әуе арқылы тасымалдау үшін төрт есе (1,6 млн транзиттік жолаушы). Соның салдарынан, транзиттен түсетін табыс жылына 4 млрд долларға дейін өсуіне әкелуі тиіс (5,5 рет). Көлік секторын дамытуға соңғы он жылда шамамен 30 млрд. доллар инвестицияланған. Осы уақыт ішінде темір жолдар 2000 км-ге жуық созылған. 6000 км-дан астам автожолдар құрылды және қайта жаңартылды. Каспийдегі жүк айналымы 23,5 млн. тоннаға дейін өсті. 15 қазақстандық әуежай қайта құрылды. Орта Азия Орталығы газ құбырының жаңа бөлімдерінің, «Қазақстан-Қытай» 3 газ құбыры желісінің салынуы транзиттік жүйенің əлеуетін арттыруға мүмкіндік жасады.

Соңғы жылдары көліктік және транзиттік қатынастарды реттейтін заңдар елеулі өзгерістерге ұшырады. Осыған байланысты көліктік-транзиттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері толығымен ғылыми-құқықтық түсіндіруді қажет етеді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Құсаинова, А. К., & Назарқұлова, . Л. Т. (2018). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨЛІК-ТРАНЗИТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(53). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/392

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық