ЖАРИЯ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ АРАҚАТЫНАСЫ

Авторлар

  • Ханс-Йоахим Шрамм

Кілт сөздер:

қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу, жария және жеке құқықты ажырату, жария құқық қағидаттары, жеке құқық қағидаттары, кешенді салалық заңнама

Аңдатпа

Берілген зерттеу «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ-мен келісім негізінде әзірленген және ақпараттық-талдамалық сипатқа ие. Зерттеу жұмысының авторы - профессор, құқық докторы Ханс-Йоахим Шрамм, неміс қаласы Висмар университетінің Шығыс құқығы институтының басқарушы директоры. 1996 жылдан бастап зерттеуші ТМД елдеріндегі көптеген құқықтық реформа жобаларына GIZ және IRZ неміс ұйымдарының желісі арқылы қатыстырылған. Сонымен қатар, ол профессор Рольф Книпер және Ладо Чантуриямен бірге «Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі азаматтық құқық» атты еңбектің бірлескен авторы болып табылады.

Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы 2-бөлімінің 2.4-кіші бөлімін орындау тәсілдерін анықтау мақсатында қоғамдық қатынастарды жария-құқықтық және жеке-құқықтық реттеу әдістерінің ара-қатынасына талдау жүргізуге әрекет жасалған.

Автор таңдап алған тәсілге сәйкес жария-құқықтық және жеке-құқықтық реттеу әдістерінің ара-қатынасы мәселелерін пысықтау, ең алдымен, нақтылап алуды талап етеді. Құқықтық қатынастарды реттеу мәселесі Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін толықтай қамтитындықтан, осы тұрғыдағы заңнамалық актілердің барлығын жүйелі түрде қарауды зерттеу жұмысының міндеті ретінде тану көлемі жағынан шектеулі болуына байланысты мүмкін емес.

Берілген талдау мән-мәтінінде реттеу әдістерін ажырату мақсатында өлшемшарттарды әзірлеу жөнінде ғана сөз қозғалуы мүмкін. Аталмыш өлшемшарттар олардың негізінде келешекте жекелеген заңнамалық актілер зерттелінетін мысалдармен сипатталады. 

Назарларыңызға ұсынылған зерттеу ҚР Заңнама институты жаршысының екі санында мазмұны екіге бөліне отырып бірізді жарияланатын болады. Осылайша, бірінші бөлігінде жария және жеке құқық арасындағы, оларды ажырату өлшемшарттары мен салдарын қоса алғанда, айтарлықтай айырмашылық мазмұндалады (I). Одан әрі қоғамдық қатынастарды реттеу әдістері зерттелінетін болады (II). Келесі бөлімде жария-құқықтық және жеке-құқықтық нормаларды айыру негізділігі, сондай-ақ кешенді салалық заңнама міндеті қарастырылады (ІІІ).

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Шрамм, Х.-Й. . (2018). ЖАРИЯ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ АРАҚАТЫНАСЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(53). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/394

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық