ҒАРЫШ КЕҢІСТІГІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • Мира Жұмағазықызы Куликпаева

Кілт сөздер:

халықаралық ғарыш құқығы, ғарыш кеңістігі, ғарыш бойынша БҰҰ-ның негізгі шарттары, құқықтық тәртіп

Аңдатпа

Халықаралық құқықтың серпінді дамуы аясында жаңа салалар пайда бола бастады. Оның бірі - халықаралық ғарыш құқығы бойып табылады. Аталған саланың объектісі болып бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеуге негізделген ғарыш қызметін жүзеге асыру болып табылады. Бүгінгі таңда біршама мемлекеттер ғарыш қызметіне белсенді қатысып, ғарыштың ірі мемлекеттер тобына енуіне ұмтылады. Осыған орай, тәжірибеге сейкес кез келген қызмет белгілі халықаралық-құқықтық және ұлттық-құқықтық реттеуді талап етеді.  Сонымен қатар, халықаралық ғарыш құқығының дамуына үлесін қосуда ғарыш бойынша қазіргі таңда әрекет ететін негізгі шарттарды әзірлеген Біріккен Ұлттар Ұйымы (оның ішінде Ғарыш бойынша БҰҰ-ның комитеті) үлкен рөл атқарады. Аталған негізгі халықаралық шарттар келесілер болып табылады: Ғарыш кеңістігін, Ай мен аспан денелерін зерттеу мен пайдалану барысындағы мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы шарт (1967 ж.), Ғарыш кеңістігіне жіберілген ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлерді және объектілерді қайтару туралы келісім (1968 ж.), Ғарыш объектілері келтірілген залалдар үшін халықаралық жауапкершілік туралы конвенция (1972 ж.), Ғарыш кеңістігіне жіберілетін объектілерді тіркеу туралы Конвенция (1975 ж.), Айда және басқа да аспан денелерінде мемлекеттердің  қызметі туралы келісім (1979 ж.). Бүгінгі таңда аталған шарттар ғарыш кеңістігінің құқықтық тәртібін анықтайды. Олардың аясында біздің мемлекетіміздің де ғарыш құқығы дамуда. 1994 жылы Қазақстан Ғарыш бойынша БҰҰ комитетінің мүшесі болып, 1997 жылдың мамырында Қазақстан жоғарыда аталған бес негізгі құжаттарға қосылды. Сонымен қатар, теория және тәжірибе жүзінде ғарыш қызметінің тәжірибесінде қолданылатын халықаралық-құқықтық нормалармен байланысты кейбір мәселелер ашық болып қалады. 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Куликпаева, . М. Ж. (2018). ҒАРЫШ КЕҢІСТІГІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(53). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/411

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану