ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_61Кілт сөздер:
шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, заңды тұлға органдары, заңды тұлға органдарының құзыреті, ЖШС иеліктен шығарылатын үлесті сатып алудың басым құқығыАңдатпа
Мақалада заңды тұлғалардың қызметін реттейтін азаматтық заңнаманың жекелеген мәселелері қарастырылады.
Заңды тұлғалар нарықтық қатынастардың негізгі және неғұрлым белсенді қатысушылары болып табылады. Қазіргі заманғы азаматтық заңнама шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған, бұл ретте олар бүгінгі таңда қарқынды болып жатқан экономикалық орта мен нарық құрылымының өзгерістеріне тез бейімделуге мүмкіндік береді.
Заңды тұлғалардың қызметі туралы заңнаманың жоғары сапасын қамтамасыз ету мәселелері-бұл тек теориялық мәселе емес. Осы нормаларды қолдану практикасы заңды тұлғалар туралы заңнама нормаларын жетілдіру бойынша одан әрі жұмыс істеу қажеттігін көрсетеді.
Қазіргі уақытта серіктестіктер мен акционерлік қоғамдарды басқару саласындағы кейбір мәселелер шешілмеген күйінде қалып отыр.
Байқау кеңесінің шешімдерін қабылдау тәртібін регламенттеуді талап етеді, мысалы, шешімнің сипатына қарай қарапайым және білікті көпшілікпен қабылданатын шешімдердің аражігін ажырату мүмкін. Байқау кеңесінің қызметін жеткілікті құқықтық регламенттеудің, байқау кеңесінің шешімдерін білдіру нысандарының болмауы не байқау кеңесінің әркелкі шешімдеріне, не нақты басқару өкілеттіктерінің болмауына әкеп соғады.
Акционерлік қоғамдар туралы азаматтық заңнаманың қоғам органдарының құзыретін бөлу бөлігінде нормаларын одан әрі жетілдіру қажет, мысалы, акционерлік қоғам органдарының мәмілелер жасау, акционерлік қоғамның ішкі құжаттарын бекіту жөніндегі құзыреттерінің мәселелері толық көлемде заң жүзінде реттелмеген. Заңнамада және жарғыда органдардың құзыретіне жатқызылған мәселелер тізбесі нақты реттелмеген жағдайда, құқық қолдану практикасында шешімдер қабылдау процесі айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазақстандық кәсіпкерлер іс жүзінде жиі кездесетін және бірқатар мәселелер, оның ішінде қайта ұйымдастыру және тарату бойынша жалпы жиналыстың шешімдер қабылдауын қиындататын "жоқ" серіктестікке қатысушылар мен акционерлер проблемасы шешілмеген күйінде қалып отыр.
ЖШС-те иеліктен шығарылатын үлесті сатып алудың басым құқығын реттейтін азаматтық заңнама нормаларын одан әрі жетілдіруді талап етеді. Сауда-саттықта ЖШС үлесін сату кезінде азаматтық-құқықтық нормаларды қолдану практикасы осы мәселенің жеткілікті реттелмегенін көрсетеді.