ЕАЭО ШЕҢБЕРІНДЕ ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОНЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Гүлнара Бауыржанқызы Қысықова
  • Айгүл Өміржанқызы Қалиева

Кілт сөздер:

еңбек көші-қоны, көшіп-қонушылар, көші-қон саясаты, еңбекті реттеу, көші-қон заңнамасы

Аңдатпа

Осы мақалада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үлгісі арқылы ЕАЭО елдерін құқықтық реттеу мәселелері қарастырылған. Осы елдерді таңдау, ең алдымен, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің еңбек құқығы және еңбекті қорғау кафедрасы ұйымдастырған «Шетелдік субъектілердің қатысуымен әлеуметтік-еңбек қатынастары» тақырыбы бойынша еңбек құқығы мен әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының жетінші мектебінің материалдары ескеріле отырып талдау жүргізілгеніне байланысты.

Көші-қон саясатының тұжырымдамалары, елдердің ұлттық заңнамасы мен халықаралық келісімдер еңбек көші-қонын құқықтық реттеудің мазмұнын ашатын өте қызықты құжаттар болып табылады. Мысалы, көші-қон саясатының тұжырымдамалары, сондай-ақ сараптамалық бағалар еңбек көші-қоны аясындағы ұқсас проблемаларды көрсетеді. Осыған орай қазіргі кезде Көші-қон кодексін әзірлеуді жүргізіп отырған ТМД Парламентаралық А ссамблеясының қызметі үлгі болады.

Сонымен бірге, тікелей еңбек көші-қонын құқықтық реттеуді айтатын болсақ, ұлттық заңнама басым мағынаға ие болады. Қазақстанда «Халықтың көші-қоны», «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Заңдары, Ресейде – «Ресей Федерациясында шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды көші-қондық есепке алу туралы», «Ресей Федерациясында шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы» Федералдық заңдар қолданылады. Сонымен бірге, ЕАЭО аумағында көші-қон процестерін құқықтық реттеуді одан әрі дамыту ЕАЭО туралы шарттың «Еңбек көші-қоны» XXVI бөлімінің ережелері есебімен болуы мүмкін.

Сонымен қатар еңбек көші-қоны аясындағы проблемалар ЕАЭО елдері үшін ортақ болып табылады, атап айтқанда, сарапшылар мыналарды атап өтті: заңсыз еңбек көші-қонының өсуі, ЕАЭО елдерінен еңбекші мигранттар бойынша нақты статистиканың болмауы, ұлттық заңнамалардың айырмашылығы.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Қысықова, Г. Б., & Қалиева, А. Ө. . (2018). ЕАЭО ШЕҢБЕРІНДЕ ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОНЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(53). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/453