АДАМДАРДЫ ҚОҒАМНАН УАҚЫТША ОҚШАУЛАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН АРНАУЛЫ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҰСТАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖАЙЫНДА (ЗАҢНАМА МОНИТОРИНГІ)

Авторлар

  • Ерлан Қадыржанұлы Ахметов
  • Олжас Сүйіндікұлы Қарақожаев

Кілт сөздер:

тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы, қабылдау-бөлу орны, күзетте ұстау

Аңдатпа

Бұл мақалада сонау 1999 жылы қабылданған «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына егжей-тегжейлі талдау (мониторинг) берілген, оның жекелеген ережелерінің қазіргі уақытта біркелкі емес заңдық табиғаты барын атап өту қажет.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасынан аңғарғанымыздай, қылмыстық әділет саласына азаматтарды тартуды азайту, қылмыстық қуғын-сүргін шараларын үнемдеу мақсатында қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды неғұрлым кеңінен қолдануға жағдай жасау қажет. Бұл ретте заңнамада және сот тәжірибесінде қылмыстық-құқықтық ықпал ету түрі мен шараларын таңдау ең алдымен, оның нақты бір тұлғаға қатысты неғұрлым ықтимал тиімділігі туралы деректер есебіне негізделетін тұжырымдар әзірленуге тиіс.

Бас бостандығынан айыру қылмыстық жазалау түрінің әлі де болса негізгі түрі болып қалып отырғанын ескере отырып, жазалау жағы басым болып отырған бас бостандығынан айырудың тәрбиелік жағын күшейтетін шараларды қабылдау қажет. Атап айтқанда, жазаларды орындауды даралау қағидаты негізінде сотталғандарды ұстауды, оларға түзеу-тәрбиелік ықпал етудің түрлері мен әдістерін одан әрі дамыту керек.

Бас бостандығынан айырылғандарды қоғамдық пайдалы еңбекке және/немесе оқытуға, әлеуметке қосу, оның ішінде есірткіге қарсы, алкогольге қарсы мазмұндағы әлеуметтік бағдарламаларға тарту арқылы не әлеуметтік белсенді қызметтің өзге түрлерімен жұмыспен қамту проблемаларын шешу өзекті болып табылады.

Бұлармен қоса, бас бостандығынан айыру орындары үшін жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазаның осы түрін өтеп жатқан адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы маңызды болып табылады. Бұл саладағы неғұрлым перспективалы бағыттардың ішінде ұстаудың камералық тәртібіне біртіндеп көшіру қажет, бұл ретте сотталған адам күндізгі уақытта мекеме шегінде жүріп-тұру және жеке қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие бола отырып, түнгі уақытта бөлек үй-жайға қамалады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Ахметов, Е. Қ. ., & Қарақожаев, О. С. . (2018). АДАМДАРДЫ ҚОҒАМНАН УАҚЫТША ОҚШАУЛАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН АРНАУЛЫ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҰСТАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖАЙЫНДА (ЗАҢНАМА МОНИТОРИНГІ). «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(53). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/455