ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР МӘТІНІН ТЕРМИНДІК ТҰРҒЫДАН НАҚТЫЛАУ

Авторлар

  • Жұмагүл Мұхтарқызы Тұрарова
  • Әлия Назарғалиқызы Кадирова

Кілт сөздер:

халықаралық шарттар, лингвистикалық сараптама, теңтүпнұсқалылық

Аңдатпа

Халықаралық шарттар – мемлекетіміздің халықаралық ынтымақтастығын қамтамасыз етудің және жүзеге асырудың құқықтық негізі.

Авторлар басқа мемлекеттермен құқықтық қатынастардың барлық салаларындағы халықаралық шарттардың маңыздылығы туралы айта отырып, оларды жетілдіру жолдарының бірі ретінде халықаралық шарттар жобаларын әзірлеу сапасын арттыру, әсіресе халықаралық шарттар жобалары мәтіндерінің шет тілдерінен орыс, қазақ тілдеріне аударылуын қамтамасыз ету деп атап өтеді.

Авторлар халықаралық шарттар жобалары мәтіндері аудармасының дұрыс болмауы, оларда сөздердің, сөз тіркестері мен терминдердің дұрыс пайдаланылмауы құқық нормасы мағынасының бұзылуына және практикада қолдануды қиындатуға әкеледі деп санайды.

Халықаралық шарттар жобаларын әзірлеу кезінде заң тілінің өзгешеліктері мен оларға қойылатын талаптардың сақталуының маңыздылығын атап өте келе, авторлар халықаралық шарттар жобаларының теңтүпнұсқалығы бөлігінде жүргізілетін ғылыми лингвистикалық сараптаманың әдістемелік маңызына назар аударады.

Нормативтік құқықтық актілер және халықаралық шарттар жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізіп отырған Заңнама институтының құрылымындағы Лингвистика орталығының қызметі бойынша талдауды ұсына отырып, авторлар аталған проблемалардың шешімін халықаралық шарттар жобаларының сапасын жетілдірумен, халықаралық шарттар жобаларын әзірлеу кезінде ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етумен, кадрлардың біліктілігін арттырудың үйлестірілген тетіктерін ұйымдастырумен байланыстырады.

Мәселені үкімет деңгейіндегі қолдау көрсетумен шешу талап етілетіндігінің  маңыздылығын ескере отырып, авторлар республикада алда тұрған латын әліпбиіне көшуімізге орай осы мәселеге ерекше мән беру қажет деп тұжырымдайды.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Тұрарова, Ж. М. ., & Кадирова, . Ә. Н. . (2018). ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР МӘТІНІН ТЕРМИНДІК ТҰРҒЫДАН НАҚТЫЛАУ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(53). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/459

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан