ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАСЫ РЕТІНДЕ АДАМНЫҢ ЖЕТКІЛІКТІ ДӘРЕЖЕДЕ ТАМАҚТАНУ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Авторлар

  • Ербол Мусинұлы Абайділдинов
  • Ақдана Ернарқызы Әбдірайымова

DOI:

https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_104

Кілт сөздер:

адам құқығы, тамақтану, пандемия, өмір деңгейі, азық- түлік қауіпсіздігі, тұтыну қоржыны, күнкөріс деңгейі, халықаралық құқық

Аңдатпа

Мақалада  адамның жеткілікті тамақтануға құқығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған, жалпы елдің және барлық адамзаттың  қазіргі кезеңдегі азық- түлік қауіпсіздігі және түсінігі, ол адамдардың барлығы үшін сапалы және қолжетімді ауыл шаруашылық өнімдеріне жоғары сұранысымен сипатталады. Халықаралық құқық нормаларына талдау жасалды, Агроөнеркәсіптік кешені аясында Қазақстанның тиісті  мемлекеттік  бағдарламасының және ұлттық заңнаманың  кейбір актілері келтірілген., басқа елдермен азық -түлікке қолжетімділік деңгейін  салыстыруы  берілген. 

Өңірлік азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері қаралды, пандемия кезеңіндегі Қазақстан Республикасына әсері жайлы зерттеулердің деректері келтірілді, сондай-ақ халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер ашылып, әлемде аштық ауқымы жыл сайын артуда. Сонымен қатар, ТМД-ға мүше мемлекеттерге ұлттық заңнаманы әзірлеу кезінде пайдалану үшін ұсынылған «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» модельдік заңдар қаралды, жеткілікті тамақтануға адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық-құқықтық актілерге талдау жүргізілді. Нәтижесінде қауіпсіз және қоректік тағамның жеткіліксіз мөлшері туындауы мүмкін мәселелер қарастырылады.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде ұлттық заңнаманың жекелеген нормаларын атап айтқанда – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және адамның жеткілікті тамақтануға құқықтарын толық қамтамасыз ету, халықтың қажетті ауыл шаруашылығы өніміне сұранысын қанағаттандыру және отандық ауыл шаруашылығы өндірушісін экспортқа өнім өндіру үшін бағдарлау мақсатында Агро-Өнеркәсіп Кешенін дамыту бағдарламасын жетілдіру бойынша кейбір ұсыныстар жасалды. Мемлекет жаңа күрделі сын-қатерлерге дайын болуы әрі өз қауіпсіздігінің, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігінің барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етудің барлық бағыттары бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізуі тиіс.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2020

##submission.howToCite##

Абайділдинов, Е. М., & Әбдірайымова, А. Е. (2020). ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАСЫ РЕТІНДЕ АДАМНЫҢ ЖЕТКІЛІКТІ ДӘРЕЖЕДЕ ТАМАҚТАНУ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(62). https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_104

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану