ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРИЯЛАНҒАНЫНАН БАСТАП ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА ДЕЙІН
Кілт сөздер:
қылмыстық кодекс, қылмыстық заң, қылмыстық-құқықтық әсер ету, қылмыстық-құқықтық нормалардың тиімділігіАңдатпа
Мақалада 1959 жылғы Қазақ ССР-ы мен 1997 және 2014 жылдардағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстері қаралып, оларға салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізілді.
1959 жылғы Қазақ ССР-ң Қылмыстық кодексінің негізгі мақсаттары болып конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйелерді, меншікті, жеке тұлғаны, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау табылатын. Ол жалпы КСРО Қылмыстық кодексінің негізгі ережелерін сақтады.
1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 86 заңмен түзетулер енгізілді. Заңдардың төрттен бір бөлігі қылмыстық заңды, сонымен қатар Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық атқару кодекстерін тікелей жетілдіруге бағытталған болатын. Әрбір бесінші заң қылмыстылықпен күресуді күшейтуге, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстылықпен, жемқорлықпен, терроризммен, есірткілердің заңсыз айналымымен күресуге бағытталған түзетулер енгізді.
2014 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қылмыстық-құқықтық нормалардың толықтай кодификациясын сақтап қалды. Қылмыстық-құқықтық тетіктің қоғамда әрекет етуінің тиімді жолдары мен тәсілдерін іздеумен байланысты жолдары көрінеді. Қылмыстық заңға қажеттілік не болмаса оларды басқа салаларға қосу мүмкіндігі аясында нормалардың ревизиясын жүргізу ұсынылады. Қылмыстық-құқықтық нормалардың тиімділігін айқындау үшін олардың тиімділігінің өлшемдерін дайындау қажет. Қылмыстық заңнаманы жетілдіру ғылыми қамтамасыз етілуі тиіс және Қазақстанмен ратификацияланған халықаралық шарттардың ережелерін ескере отырып жүзеге асырылуы керек.
Сол немесе басқа құқық саласының дамуы, құқықтық нормаларда сол не болмаса басқа тарихи кезеңнің ерекшелігін қамыта көрсете отырып, мемлекетте болып отырған оқиғалармен тығыз байланысты екендігін қылмыстық заңмен өтілген 25-жылдық жол тағы да растайды. Қылмыстық заңның дамуының барлық сатылары Қазақстан дамуының негізгі кезеңдерімен негізінен тұспа-тұс келеді және Мемлекеттік тәуелсіздіктің 25-жылдық дәуірінің негізгі мемлекеттік-құқықтық институттарының саяси және экономикалық мазмұнының ерекшеліктерін нақты қамтиды.