ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК РЕСПУБЛИКАНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҚ ЕГЕМЕНДІ ДАМУЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ДСҰ-мен, ФАО-мен, ЭЫДҰ-мен, ЕО-мен ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Авторлар

  • Марат Алданғорұлы Сәрсембаев

Кілт сөздер:

Қор, агроөнеркәсіптік кешені, сауда құқығы, аграрлық құқығы; кеден тарифі, азық-түлік нарығы, агродақылы, инвестициялар, шаруашылық-репродуктор, кеден тариф

Аңдатпа

Осы мақалада ғылыми-практикалық ынтымақтастықтың қазақстандық агроөнеркәсіптік кешені халықаралық экономикалық ұйымдармен бірге 25-жылдық кезеңде егеменді дамуында зерттеледі. Онда сонымен бірге Қазақстан Республикасының аграрлық саласының және онымен байланысты өнеркәсібінің жиынтық әлеуетін ашу ісіндегі әрбір халықаралық сауда, экономикалық ұйымның жалпы мүмкіндіктері және әрқайсысының ерекшеліктері зерттеледі. Осы ғылыми тақырыпты ғылыми тұрғыдан зерттеу процесінде мақалада көтерілетін проблемаларды компаративтік (салыстырмалы-құқықтық) талдау әдісі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және сауда мәселелері бойынша қазақстандық және халықаралық құқық нормалары қатынасының талдаудан өткізілген проблемаларын қорыту әдісі пайдаланылды. Мақалада Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің өкілдеріне ЭЫДҰ-ның аграрлық және сауда мәселелері жөніндегі талдау материалдарын мұқият зерделеу, осының негізінде экономикалық тұрғыдан оларды жүзеге асыру мүмкіндігін ойластыру ұсынылатындығы оның ғылыми жаңалығы болып табылады. Мақалада жеткілікті ауқымда бидай өсіре отырып, бидаймен ғана тұйықталып қалмай, агродақылдардың әртараптандырылуын (әртүрлілігін) қамтамасыз ету қажеттілігі негізделеді. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің әр түрімен өзіңді ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге оларды елдің шегінен тысқары жерлерге де саудалауға мүмкіндік берер еді. Мақала авторы Қазақстанның Халықаралық ауыл шаруашылығы зерттеулері жөніндегі консультациялық топқа (ХАШЗКТ, CGIAR – Consultative Group on International Agricultural Research) кіруі жөнінде дайындық және ұйымдастыру жұмысын жүргізуді ұсынады. Бұл біздің аграрлық саладағы ғалымдарымызға ең өзекті деген халықаралық зерттеулердің бел ортасында болуға мүмкіндік берер еді, ал ол егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы практикасымен біріккенде айтарлықтай экономикалық тиімділік берер еді. Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенінің өкілдері ел АӨК-нің экономикалық-ресурстық әлеуетін күшейту мақсатында мүмкіндігіне қарай 1997 жылғы Өсімдіктерді қорғау және олардың карантині жөніндегі халықаралық конвенцияның, 1995 жылғы Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ауыл шаруашылығы жөніндегі Уругвай раунды келісімінің, Саудадағы техникалық тосқауылдар жөніндегі ДСҰ келісімінің, 1994 жылғы Санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісімінің, халықаралық аграрлық және сауда құқығының көздері ретіндегі ЭЫДҰ инвестициялар жөніндегі көп жақты келісімдерінің нормаларын пайдалануы ұсынылады. Бұл Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен саудасын дамудың жаңа, барынша жоғары деңгейіне шығарар еді. Зерттеудің ғылыми нәтижелерін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі, ұлттық экономика (сауда) министрлігі, сыртқы істер министрлігі бөлімшелерінің қызметі саласында, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық аграрлық және сауда құқығы ғылымында пайдалануға болады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

31.03.2022

##submission.howToCite##

Сәрсембаев, М. А. . (2022). ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК РЕСПУБЛИКАНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҚ ЕГЕМЕНДІ ДАМУЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ДСҰ-мен, ФАО-мен, ЭЫДҰ-мен, ЕО-мен ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(45). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/590

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану