ЭЫДҰ ЕЛДЕРІНІҢ СТАНДАРТТАРЫНА ӨТУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ (ТАЛДАМАЛЫҚ ШОЛУ)
Кілт сөздер:
ЭЫДҰ, интеллектуалдық меншік, патент, өндірістік үлгілер, пайдалы модельдер, ұжымдық құқықтарды басқаруАңдатпа
Мақала ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі негізінде қазақстандық интеллектуалдық меншік саласындағы ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жетілдірудің кейбір мәселелеріне арналған. Мақаланың авторлары келесі аспектілерге назар аударады:
Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының стандарттарына өту аясында Қазақстан Республикасының интеллектуалдық меншік саласындағы ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жетілдірудің кейбір аспектілері (талдамалық шолу)
- интеллектуалдық меншік саласындағы саясатты жасауға және жүзеге асыруға қатысушы өкілетті органдардың қызметін координациялауды жетілдіру. Осы мақсатта авторлармен интеллектуалдық меншік саласындағы саясатты координациялаушы органды құру және оның қатысушыларының міндеттерін нақты анықтау туралы ұсыныс жасайды;
- кіші және орта кәсіпкерлермен, дәстүрлі сектордағы қатысушылармен тауар белгілерін, өндірістік үлгілерді және пайдалы модельдерді пайдалану процедурасын жеңілдету. Жеке инновациялы секторды дамыту үшін келесідей шараларды жүзеге асыру ұсынылады: интеллектуалдық меншік саласында ақпараттық-таным, оқыту және техникалық қолдау шараларын ұйымдастыру, жаңа субсидиялар мен салықтық жеңілдіктерді енгізу;
- жеке инновациялы секторды дамытуда университеттердің үлесін арттыру. Осы мақсатта технологияларды трансферттеу орталықтарының қызметін үйлестіре алатын зерттеушілердің қызметін ынталандыру ұсынылады;
- интеллектуалдық меншік саласындағы саясаттың салалық бағыттылығын және олардың инновацияларға әсерін қамтамасыз ету. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін ауылшаруашылығы мен игеру өндірісі саласындағы технологияларды трансферттеу орталықтарының қызметін координациялау және салалық сараптаманы дайындау арқылы Қазақстанда интеллектуалдық меншікті коммерциализациялау бойынша орталық органға кең ауқымды өкілеттіктер беру ұсынылады;
- ұжымдық құқықтарды басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру. Мақалада авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнаманың 31-32 баптарындағы авторлық (лицензионды) шартты реттеу аналогиясы бойынша ұжымдық шартты басқарудың элементтерін, сипатын, ерекшеліктерін бекіту ұсынылады.
Сонымен қатар, мақалада ҚР Әділет министрлігімен дайындалып жатқан «Интеллектуалдық меншік саласында заңнаманы жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының новеллалары қарастырылады.