«МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ ЖӘНЕ АУҚЫМДЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Ерзат Зейноллаұлы Бекбаев
  • Әйгерім Бейсембайқызы Есімова

Кілт сөздер:

мемлекеттік мүлік, заң; жекешелендіру, заңды жетілдіру, халыққа Жолдау, Президенттің тапсырмасы

Аңдатпа

 Мақалада «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы жолдауын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік сектор нысандарын жекешелендіруге шектеулерді алып тастауға және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның бірқатар ережелерін қайта қарауға қатысты мәселелер қамтылған. Осыған байланысты Заңмен реттелетін мемлекеттік мүліктің субъектілері мен объектілерінің мақсаттары мен міндеттеріне, құқықтық қатынас тарапына, олардың құқықтық мәртебесіне талдау жүргізіледі. Сондай-ақ, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Азаматтық және Бюджет кодекстерімен, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен және өзге де заңдармен өзара байланысты және мазмұн мен ұғымдардың өзара тәуелділігі көрсетіледі.

2014 жылға қарай, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының жетістігі аясында мемлекеттің экономикаға негізсіз қатысуы, сондай–ақ экономикада квазимемлекеттік сектордың және шикізаттық трансұлттық корпорациялардың көп шоғырлануынан көрінетін бірқатар проблемалар анықталды.

Мемлекеттік мүлік меншіктің бір түріне жатады деп бекітіледі, ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес меншік, соның ішінде мемлекеттік меншік бір мезгілде қоғам игілігіне пайдаланылуға тиіс екендігі міндеттеледі. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

Заңда мемлекеттік мүліктің меншік иесінің бекітілген құқықтық мәртебесінің болмауы мемлекеттік мүлікті басқарушының өкілеттіктері мен меншік иесінің өкілеттіктер арасындағы баламалық қатынас туралы мәселеде түсінбестік туғызады. Заңда белгілі бір жағдайда мемлекеттік мүліктің меншік иесінің құқығын мемлекеттік мүлік басқаратыны түсініксіздеу. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабын «мемлекеттік мүліктің меншік иесі» ұғымымен толықтыру және оған «мемлекеттік мүліктің меншік иесі – мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану және оған билiк ету бойынша өкілеттіктер заңмен жүктілген және сеніп тапсырылған мемлекеттік мүліктің тағдырына халық алдында жауапты мемлекеттік орган» деген анықтама беру ұсынылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2016

##submission.howToCite##

Бекбаев, Е. З., & Есімова, А. Б. (2016). «МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ ЖӘНЕ АУҚЫМДЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(45). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/595

Журналдың саны

Бөлім

Құқықтық мониторинг