БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АТА-АНА ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • Елена Юрьевна Кириллова

Кілт сөздер:

балалар, ата-аналар, ата-ана құқығынан айыру, жанұя-құқықтық жауаптылық шарасы, қорғаудың жанұя-құқықтық тәсілі, жанұя-құқықтық деликті

Аңдатпа

Қазіргі заманғы социум отбасының функционалдық рөлінің түсуімен, негізгі ата-тектік құндылықтарын бірте-бірте жоғалтуымен белгіленеді. Бұның нәтижесі неке-отбасылық құқықтық қатынастарына қатысушылардың өздеріне міндеттемелермен қиындық келтіруін қаламау, бір-бірінің мүдделері мен құқытарын бұзуған үшін жауаптылықтан қашуға ұмтылу болып табылады. Осындай жағдайда ата-ана құқығынан айыру жанұялық құқықтарды қорғаудың ең талап етілген тетігі болып табылады. Мысалы, 2015 жылы Беларусь Республикасының соттары ата-ана құқығынан айыру туралы шешімін қабылдап 2720 іс қарастырды, оның ішінде қуаным талабын қанағаттандырумен 2531 іс. Осы мәселені қарастыруға бір қатар зерттеулер арналған, оның ішінде С.М. Ананич [1], Р.Т. Бексултанова [2; 3], А.М. Дарбеков [2], Л.М. Звягинцев [4], А.А. Левков [5], А.Н. Левушкин [6; 7], В.В. Подгруша [1], Н.Н. Тарусина [8], Ж.В. Третьякова [9], В.В. Уколовтың [10] т.б. еңбектері. Ата-ана құқығынан айыру саласындағы көптеген зерттеулерге қарамастан, әлі де бұл салада көп шешілмеген теориялық мәселелер бар – олар осы мақаланың өзектігін көрсетеді. Ұсынылған зерттеу шеңберінде ата-ана құқығынан айырудың теориялық аспектілері айқындалады, сонымен қатар «жанұя-құқықтық жауаптылық шаралары» және «жанұя-құқықтық қорғаудың шаралары» деген сабақтас категориялардың ара-қатысы арқылы ата-ана құқығынан айырудың құқықтық табиғатын зерттеу, және де практикада осы қорғау тетігін іске асыруының концептуалдық кездері.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2016

##submission.howToCite##

Кириллова, . Е. Ю. (2016). БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АТА-АНА ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(45). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/603

Журналдың саны

Бөлім

Шетелдік тәжірибе