МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_238Кілт сөздер:
Заң жобаларының лингвистикалық сараптама, аударма, терминдер, сөз тіркестерАңдатпа
30 жыл бұрын Қазақстан Тәуелсіз елге айналғалы бері заңнама қызметі көп жылда қалыптасқан тәжирибеге, әсіресе шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, бірталай жетістіктерге жетті деп айтуға болады. Заң шығарамашылық тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ заң мәтіндерінің сапалы, қатесіз, қысқа да нұсқа және түсінікті түрде мемлекеттік тілге аударылуы оларға сараптама жүргізу процесінің сапалы өтуін айқындап отыр.
Сараптамалық зерттеудің әр түрінің өзіндік пәндік және функционалдық ерекшелігі бар екеніне қарамастан, заң жобасын жан-жақты әр түрлі сараптамалық талдау жалпы мақсатқа – құқықтық норманы ұсынудағы қателерді жоюға бағынады. Соның ішінде заң жобаларына мемлекеттік тілде лингвистикалық сараптама жүргізу қызметінің ролі ерекше.
Автор бұл мақалада қазақ тілінің ережелерін ескере отырып, заң жобаларына мемлекеттік тілде лингвистикалық сараптама жүргізудің түрлері мен әдістері сипатталған. Заң жобаларына мемлекеттік тілде сараптама жүргізу кезінде қойылатын талаптар тізбектелген, сондай-ақ сараптамаға ұсынылатын заң жобаларының мәтіндерінде жиі кездесетін грамматикалық, стилистикалық, логикалық қателіктердің мысалдары келтірілген. Лингвистикалық сараптама ұғымын тұжырымдай отырып, автор оның мәнін кеңінен ашып, заң жобаларына лингвистикалық сараптама жүргізу кезіндегі талаптарды, әсіресе мәтіндерді логикалық баяндау және терминдерге мән беру кезінде егжей-тегжейлі қарастыру қажеттілігін ұсынады.
Сондай-ақ автор мемлекеттік тілде заң жобаларына лингвистикалық сараптама жүргізу кезеңдерін және оны жақсарту әдістерін көрсеткен.