ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_70_3_148Кілт сөздер:
экологиялық құқық, қатты тұрмыстық қалдықтар, тұрақты даму, қалдықтарды түзушінің жауапкершілік қағидатыАңдатпа
Тұрмыстық қалдықтарды басқару экологиялық тепе-теңдікке қол жеткізу, тұрақты даму және климаттың өзгеруімен күресу мақсатында әлемнің барлық елдері үшін маңызды міндет болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін тұрмыстық қалдықтарды басқару өзекті мәселелер қатарында. Бұл мақалада Қазақстандағы тұрмыстық қалдықтарды басқаруға, және оның ерекшеліктері мен сипаттамаларына ғылыми-практикалық талдау жүргізілді.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстандағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың жай-күйін бағалау, қазақстандық заңнама мен шет мемлекеттердің заңнамасын салыстырмалы-құқықтық талдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық қалдықтарды басқарудың қазіргі заманғы заңнамалық базасының тетігін кейіннен оңтайландыру үшін Қазақстандағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудағы перспективаларды талдау болып табылады.
Баяндалған қорытындылар мен тұрмыстық қалдықтарды басқарудың шетелдік тәжірибесінің негізінде автор Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық қалдықтарды басқаруға бірыңғай интеграцияланған тәсілді енгізуді ұсынып, негіздеді. Талдау Қазақстан Республикасының тиісті саладағы заңнамасы бүгінгі таңда әзірлену сатысында екенін және бірыңғай жүйелі ықпалдастыру тәсілін, сондай-ақ қалдықтарды басқару саласындағы заңнаманы практикада қолдану практикасының жүзеге асырылуын талап ететінін көрсетті. Сонымен қатар, Республикадағы экологиялық жағдайдың нашарлауына қарсы іс-қимыл жағдайында Қазақстан азаматтарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі ерекше мәнге ие.
Тұрмыстық қалдықтарды басқару саясатындағы қазіргі жағдай елдегі экологиялық жағдайдың тез нашарлауының маңызды факторы болып табылады.
Сол себепті электрондық басқару арқылы ақпаратқа қол жеткізудің кешенді жүйесін қалыптастыру және мемлекеттік қызмет органдарының, қоғамдық сектор мен бизнестің өзара іс-қимылының тұтас жүйесін ұйымдастыру маңызды.