ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН НАҚТЫЛАУ МЕН ОНЫҢ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ӨЗГЕ ДЕ САБАҚТАС САНАТТАРЫНАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
құқық нормаларын нақтылау, құқық шығармашылық, құқық қолдану, құқық нормаларын талқылау, құқық ұқсастығы, заңды саралау, біріздендіруАңдатпа
Қазіргі заман жағдайында құқықтық реттеу сапасын арттыру жолдарын зерттеу ерекше өзекті сипатқа ие болуда. Құқықтық реттеу практикасы дәлел болғандай, оны жетілдіру, заңдылығын және тиімділігін қамтамасыз ету факторларының бірі заң нормаларын нақтылау болып табылады. Бүгінгі күн талаптарын сипаттайтын, тәртіпке келтірілген, жүйелендірілген және біріздендірілген заңнама жағдайында ғана құқықтық тәртіпті ойдағыдай қамтамасыз етуге болады. Мақала авторы құқықтық нормаларды нақтылау ұғымын түсінуге қатысты негізгі көзқарастар мен әдістерге талдау жүргізген, құқықтық нормаларды нақтылау мен сабақтас түсініктер ара-қатынасын айқындаған. Мақалада аталмыш мәселенің жоғары деңгейде зерттелінгендердің қатарына жатуына қарамастан, бүгінгі таңда жалпы теориялық құқықтануда құқық нормаларын нақтылаудың мәні мен құқықтық табиғатын түсіну біртұтастығының жоқтығы проблемасының, «құқықтық нормаларды нақтылау» ұғымының терминологиялық тұрғыдан келісілмеуі, аталған құбылыстың талқылаудың сабақтас түсініктерінен айырмашылық өлшемшарттары мен құқық ұқсастығының жоқтығы проблемасы көрініс табады. Ағымдағы теориялық пайымдаулар мен айтылған авторлық ескертулерге жүргізілген жиынтық талдауды ескере отырып, автормен құқықты нақтылау түсінігіне деген тар және кең мағынадағы көзқарастар айқындалған. Құқықты нақтылауды тар мағынада түсінетіндер құқықты тек құқық шығармашылық тұрғыда нақтылауды зерттейді. Ал кең мағынада түсінетіндер құқық шығармашылық қана емес, сонымен қатар, құқық қолдану мен құқықтық нормаларды түсіндіру кезіндегі құқықты нақтылауды зерттейді. Бұл ретте, құқық нормаларының мазмұны ғана емес, сондай-ақ олардың әрекет ету ерекшеліктері де зерттелуге жатады. Құқық шығармашылық нақтылауға қатысты авторлық анықтама қалыптастырылды. Оған сәйкес, нәтижесінде құқықтық нормалар (қағидаттар) пайда болатын қоғамдық қатынастарды құқықтық регламенттеудің айқындылығын және нақтылығын арттыру мақсатында жалпы норма (қағидат) мазмұнының дерексіздік деңгейін бәсеңдету арқылы уәкілетті орган жүзеге асыратын заңды техника әдісі түсіндіріледі.