ДСҰ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ДАУЛАРЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ТАРАП РЕТІНДЕ ҚАТЫСУЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_70_3_160Кілт сөздер:
Дүниежүзілік сауда ұйымы, дауларды шешу, сауда даулары, ДСҰ даулары, үшінші тарап, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тарифтік емес реттеу шараларыАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасының үшінші тарап ретінде ДСҰ шеңберіндегі дауларға қатысу тәжірибесін талдауға арналған. Дауларды шешу жүйесін Дүниежүзілік сауда ұйымы көпжақты сауда жүйесінің орталық тірегі ретінде қарастырады. ДСҰ шеңберіндегі дауларды шешу механизмінің бір ерекшелігі мүше мемлекеттердің үшінші тарап ретінде сауда дауларына қатысу құқығы болып табылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі ДСҰ шеңберіндегі дауларды шешу үрдісіне Қазақстанның, оның қосылуынан кейінгі алты жарым жылдағы, қызметінің нәтижелерін қорытындылаудың маңыздылығына байланысты.
Мақалада Қазақстан үшінші тарап ретінде қатысқан ДСҰ шеңберіндегі 35 дауы қарастырылған. Авторлар 20 даудың кедендік-тарифтік реттеу шараларына, 15 даудың тарифтік емес реттеу шараларына қатысты болғанын атап өтті. Қазақстан, 35 даудың тек екі ісіне қатысты ғана, өз ұстанымын білдірді, соған қарамастан әрбір даудың өзіндік тәжірибелік маңызы бар. Қазақстан Республикасына қатысты даулар бойынша қорытындыларға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, мақалада үшінші тарап ретінде ДСҰ дауларына қатысудың себептері мен маңыздылығы талқыланады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, даулар негізінен сауданы қорғау шараларын, атап айтқанда демпингке қарсы және өтемақы баждарын және арнайы қорғау шараларын қолдануға қатысты болды. Сол себептен, бұл мақалада халықаралық сауданы тарифтік емес реттеудің басқа шараларына, атап айтқанда, санитарлық және фитосанитарлық шараларға назар аудару ұсынылады.