ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ТАНЫЛМАҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_266Кілт сөздер:
танылмаған мемлекеттердің заңы, шетелдік құқықты қолдану, шетелдік құжаттарды тану, заңдардың қайшылығы, апостильденген құжаттар, мемлекетті тануАңдатпа
Бұл мақалада танылмаған мемлекеттердің юрисдикциясын тануға, олардың жеке құжаттарын және сот шешімдерін халықаралық құқыққа сәйкес тануға қатысты мәселелер қарастырылады. Бұл мәселенің өзектілігі, танылмаған мемлекеттердің халықаралық жария құқыққа сәйкес мәртебесінің реттелмегенін ескере отырып, олардың заңдарын тану мүмкіндігінде жатыр. Танылмаған мемлекеттердің болуы көптеген дауларды шешуде үлкен кедергі болып табылады, өйткені халықаралық жария құқық олардың құқықтық мәртебесін анықтай алмайды. Сонымен қатар, бұл мемлекеттер өз кезегінде сыртқы байланыстарды құра отырып, біртіндеп дамып келе жатқандығын ескеру қажет. Осыған сәйкес, бұл бірлестіктер 1933 жылғы мемлекеттің құқықтары мен міндеттері туралы Монтевидео конвенциясында қарастырылған барлық талаптарды қанағаттандырады деп болжауға болады. Бірақ, соған қарамастан, танылмаған мемлекеттердің мәртебесіне қатысты проблеманы халықаралық жария құқық бойынша шешу тығырыққа тіреледі, дегенмен халықаралық жеке құқық саласында басқа мәселелер көтерілуде. Мемлекеттер танылмаған мемлекеттердің юрисдикциясын, құжаттары мен сот шешімдерін тану қажет пе?! Осыған байланысты ғылыми қоғамдастықта осы мәселені шешуге арналған үлкен пікірталастар жүруде. Бұл мақала танылмаған мемлекеттердің юрисдикциясын, құжаттары мен сот шешімдерін тану мүмкіндігі туралы жауаптар беретін әмбебап және салыстырмалы құқықтық талдаудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қарастырылады. Осы мақаланың қорытындысында автор халықаралық құқықта танылмаған мемлекеттердің құқығын қолдануға қатысты шарттық нормалар мен халықаралық әдет-ғұрыптық нормалар жоқ екенін айтады, сонымен қатар автор бұл мәселені шешуге арналған ұсыныстар жиынтығын халықаралық құқықтың доктринасы және сот прецеденттерін сүйене отырып ұсынады.