ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ (бірыңғай валюта туралы мәселеге)

Авторлар

  • Данияр Маратұлы Сәрсембаев

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_294

Кілт сөздер:

несие саясаты, ақша, интеграция, интеграциялық құқық, эмиссия, валюта саясаты, криптовалюта, валютаны айырбастау

Аңдатпа

Бұл мақалада Еуразиялық экономикалық одақ құрылмай тұрып, бірыңғай валютаны енгізуге бастама жасауға талпыныс жасалғаны айтылған. Қазақстан Республикасы посткеңестік елдердің бірі ретінде ел ішінде де, сондай-ақ интеграциялық сипаттағы ұйымдар мен бірлестіктерде де валюталық реттеу мәселелеріне белсенді қатысты, белсенді қатысады. Мақала авторы тарихи тұрғыдан посткеңестік мемлекеттердің өзара сауда қатынастары процесінде өзара есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін бірыңғай валюта құру әрекеттерін көрсетеді. Дәл осы мәселе Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) көтерілген. Сондықтан мақалада Еуразиялық интеграциялық бірлестіктің қаржы айналымына ұлтүсті валютасын енгізу туралы ұсыныс жасалған. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер жалпы ұлттықтан жоғары валютаның қандай  болуы керек екендігі туралы  әртүрлі пікірлерді ұсынады. Қазақстан ЕАЭО немесе ШЫҰ кеңістігі үшін барлығына ортақ евроға ұқсас валюта болуы тиіс деп есептейді. Ресей еуразиялық интеграцияның ортақ валютасы интеграцияға мүше мемлекеттердің бірінің валютасы, атап айтқанда Ресей рублі болуы керек деп санайды.

Осы мәселенің технологиялық шешімі тұрғысынан бізге электронды ақшаны, криптовалютаның ең жаңа технологиясын енгізу және қолдану тиімді болып көрінеді. Мұндай қолдану валюта қаражатының эмиссиялық шығарылымын орталықсыздандыруды және профилактикалық транспаренттілікті (ашықтықты) көздейді. Мұндай транспаренттілік қатысушы мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарында эмиссиялық тәртіпті және осындай эмиссияның сандық шектелуін ақылға қонымды келісуді қамтамасыз етеді. Криптовалюталар жүйесін енгізудің арқасында әрбір қатысушы мемлекет айналымдағы барлық электрондық ақша массасының жалпы көлемін үнемі біліп отырады, ол әр қатысушы мемлекеттің сандық мәнде тиісті ақша сомасының эмиссиясын әрқашан білетін болады. Бұдан басқа, мұндай жүйеде эмитенттер ақша эмиссиясын шектеуші болады, бұл ақша купюраларының ерікті және шамадан тыс шығарылуына жол бермеуге кепілдік береді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2021

##submission.howToCite##

Сәрсембаев, Д. М. (2021). ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ (бірыңғай валюта туралы мәселеге). «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(64). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_294