ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ИНСТИТУТЫН ЖЕТІЛДІРУ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_70_3_39Кілт сөздер:
омбудсмен институты, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, парламенттік омбудсмен, омбудсменнің конституциялық-құқықтық мәртебесі, омбудсменнің өкілеттіктерін кеңейтуАңдатпа
Қазақстанның ішкі саясатының негізгі міндеті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жан-жақты қорғау болып табылады. Сондықтан елде негізгі міндеттерінің бірі азаматтардың құқықтарын қорғау болып табылатын әртүрлі мемлекеттік органдар бар. Алайда, қоғамда бұл органдарға сенімсіздік пайда болды. Олардың қатарында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты бар, оған қоғамның сенімі әлі жоғалған жоқ. Бірақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен өкілеттігі қайта құруды талап етеді.
Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын жетілдіру мақсатында мынадай құқықтық проблемаларды шешу қажет. Біріншісі –құқықтық мәртебені күшейту. Омбудсмен міндеттерінің маңыздылығын ескере отырып, оның құқықтық мәртебесін Қазақстан Республикасының Конституциясында тиісті құқықтық бекіту қажет. Сонымен қатар, оның өкілеттіктерін арнайы конституциялық заңда бекіту омбудсменнің қызметін жаңа деңгейге көтереді, азаматтардың құқықтарын жан-жақты қорғауға ықпал етеді.
Екінші мәселе – уәкілетті мемлекеттік органдарға Уәкілдің ұсынымдары мен өтініштерін орындау міндеттілігі. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымдары мен өтініштерін орындамағаны үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігінің болмауы омбудсмен институты жұмысының тиімсіздігі себептерінің бірі болып табылады. Мақалада Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымдары мен өтініштерін орындамағаны үшін лауазымды адамдардың тәртіптік және әкімшілік жауаптылығын енгізу қажеттігі негізделген.
Үшінші мәселе – Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстармен заң шығару бастамасы құқығы бар субъектілерге жүгіну құқығын беру. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өзінің құқық қолдану практикасында қолданыстағы заңнаманың шешуді талап ететін проблемаларын анықтайды. Сондықтан бұл құқық заңнаманы жетілдіруге ықпал етеді.
Төртінші мәселе – Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің БАҚ-пен өзара іс-қимылының міндеттілігі. Мұндай өзара іс-қимылдың маңыздылығы омбудсменнің өкілеттіктерін іске асыру бойынша қажетті және тиімді құралдардың бірі болып табылады.