ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН ДАМУЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_76Кілт сөздер:
Қоғамдық денсаулық сақтау, медицинаны дамытудың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, халық үшін денсаулық сақтаудың қолжетімділігі, денсаулықты қорғауға конституциялық құқық, денсаулық сақтауды дәйекті реформалау, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жақсартуАңдатпа
Мақала ғылыми негізде отандық медицинаның қалыптасу тарихына, тәуелсіздік кезеңінде қабылданған негізгі заңнамалық актілер мен қоғамдық денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына шолу жасауға арналған. Автор ұлттық бағдарламалық құжаттарда айтылған барлық өзектілікке қарамастан, «дені сау болу құқығына» конституциялық кепілдіктің құқықтық саласында жеткіліксіз әзірленгенін атап өткен. Мақалада сонымен қатар жылдар бойы жинақталған көптеген денсаулық сақтау проблемаларына байланысты негізгі қауіптер мен белгісіздіктер атап өтілді. Заңнамалық базаның тұрақты, бірақ сапалы емес өзгерістеріне, саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің нашарлауына алып келген өзге де жағдайлардың өзгеруіне баса назар аударылған.
Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың тарихи тәжірибесін талдау авторға Қазақстан Республикасында медициналық көмектің мемлекеттік кепілдіктерінің жеткіліктілігі, оның қалың бұқараға қолжетімділігі мен жоғары сапасы әлі толық көлемде қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ халықтың қоғамдық медицинаға деген сенімсіздігінің болуы жоққа шығарылмайды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: Қоғамдық денсаулық сақтау, медицинаны дамытудың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, халық үшін денсаулық сақтаудың қолжетімділігі денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жақсарту, денсаулықты қорғауға конституциялық құқық, денсаулық сақтауды дәйекті реформалау.