ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_70_3_214Кілт сөздер:
сот орындаушысы, сот орындаушыларына қойылатын біліктілік талаптары, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың тағылымдамадан өтуі, жеке сот орындаушысының лицензиясыАңдатпа
Мақала жеке сот орындаушысының құқықтық мәртебесі мен қызметінің жекелеген мәселелер
іне, сондай-ақ жеке сот орындаушысы институтының тиімділігін одан әрі қамтамасыз ету мәселесіне арналған.
Бұл мақаланың мақсаты жалпы атқарушылық іс жүргізу саласындағы, атап айтқанда, жеке сот орындаушысы институтын реттеу саласындағы, сондай-ақ сот орындаушысының қызметін реттеу саласындағы заңнама мен тәжірибедегі олқылықтар мен проблемаларды анықтау және осы мәселелерді шешудің нақты жолдарын ұсыну болып табылады.
Мақалада жеке сот орындаушыларының құқықтық жағдайын және олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары, сондай-ақ жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына рұқсат беру туралы ережелер талданады.
Қарастырылып отырған мәселелердің өзектілігі атқарушылық құжаттарды орындаудың құқықтық реттеу механизміндегі рөлі мен маңызына және бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруді қамтамасыз ететін атқарушылық іс жүргізу екендігіне байланысты. Ал бұл тетікте атқару құжаттарының басым бөлігін орындау қызметі сеніп тапсырылған жеке сот орындаушысының іс-әрекеті үлкен мәнге ие.
Мақала проблемалық мәселелердің төрт блогын қарастыру принципі бойынша, яғни: 1) жеке сот орындаушы қызметімен айналысу құқығын алғысы келетін тұлғаларға қойылатын талаптар; 2) тағылымдамадан және аттестациядан өту; 3) жеке сот орындаушысының лицензиясы және оның қолданылу мерзiмi; 4) жеке сот орындаушылардың қызметі туралы жария түрде орналастырылған ақпараттың жекелеген мәселелері бойынша құрылған.
Мақаланы жазу барысында формальды құқықтық әдіс, жүйелеу және модельдеу әдістері қолданылды.
Зерттеу нәтижесінде автор жеке сот орындаушысы институтының заңнамалық реттеуіне қаралған мәселелер блоктарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туралы қорытынды жасайды, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудің нақты жолдарын ұсынады.