ҚОЛДАНЫСТАҒЫ 2018 ЖЫЛДЫҢ 20 МАУСЫМЫНДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНДА З.Ғ.Д., ПРОФЕССОР А.А. АМАНГЕЛЬДІНІҢ ДИССЕРТАЦИЯСЫНАН НЕ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Авторлар

  • Айжан Амангельды Евразийская юридическая академия им. Д.А. Кунаева, Научно-исследовательский центр Академии МВД РК

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_85

Кілт сөздер:

Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқығы, табыстау, беру, оқшаулау, айрықша құқықтар, домендік атау, интегралдық наносхемалар топологиялар

Аңдатпа

Тақырыптың өзектілігі зияткерлік меншік асяындағы қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістермен байланысты. Мақалада автормен жүргізілген диссертациялық зерттеуіндегі кейбір ғылыми ережелер талданған. Атап айтқанда, «табыстау», «беру», «оқшаулау» сияқты ұғымдардың мазмұны ашылған, өйткені әрбір құқықтық қатынастар аясына өзінің ұғымдық аппараты тән. Зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды табыстауда және беруде (оқшаулауда) делдал келісім-шарттардың ерекшелігі қарастырылады. Мақалада зияткерлік меншік құқығы объектілерінің оларға құқықтардың, атап айтқанда айрықша (мүліктік) құқықтардың мазмұнының ерекшелігімен өзара байланысы бөліп қарастырылыған.

Мақалада зияткерлік меншік аясындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасының даму бағыттары талданған. Атап айтқанда, тәжірибеде азаматтық айналымға қатысушыларды дараландыру құралдары ретінде домендік атаулардың пайда болуы мен қолданылуы, сондай-ақ ғылым мен техниканың дамуына байланысты интегралдық наносхемалар топологиялар сияқты объектілердің пайда болуы.

Мақалада зияткерлік меншік аясындағы Ресейдің жетекші ғалымдарының көзқарастары қарастырылған, атап айтқанда з.ғ.д., профессор Э.П. Гавриловтың, ол жоғарыда аталған аядағы қатынастарды реттейтін ҚР заңнамасының артықшылықтарын талдады және оның әрі қарай даму мүмкіндігін ашты.

Мақалада зияткерлік меншік аясындағы қатынастарды реттейтін ҚР заңнамасындағы қарама-қайшылықтар көрсетілді, оларды аталған аядағы қатынастарға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңнамалық актілерді жасаушылар ескермеген және ескерілмеген. Сондықтан мақалада Қазақстан Республикасының заңнамасында бүгінгі күні орын алған кемшіліктер егжей-тегжей талданды, олар автордың пікірінше жойылуы тиіс, өйткені олар зияткерлік меншік аясындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне коллизия (қарама-қайшылық) енгізеді.

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2022

##submission.howToCite##

Амангельды, А. (2022). ҚОЛДАНЫСТАҒЫ 2018 ЖЫЛДЫҢ 20 МАУСЫМЫНДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНДА З.Ғ.Д., ПРОФЕССОР А.А. АМАНГЕЛЬДІНІҢ ДИССЕРТАЦИЯСЫНАН НЕ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(71). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_85

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық