ЕАЭО ЕҢБЕК БОСТАНДЫҒЫ ҚАҒИДАТЫН САҚТАУҒА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_70_3_235Кілт сөздер:
Еңбек бостандығы қағидаты, конституциялық кепілдік, еңбек бостандығын шектеу, мәжбүрлі еңбекке тиым салу, ЕАЭО келісім шартыАңдатпа
Бұл ғылыми мақалада еңбек бостандығы қағидатын ЕАЭО еңбек күшінің еркін қозғалысына қатысты азаматтардың конституциялық кепілдігін құқыққолдану тәжірибесінде қолданудың мүмкіндігі сипатталған. Автор осы қағиданы бұзу орын алатын жағдайларды сипаттай отырып, оның халықаралық құжаттармен және ұлттық заңнаманың деңгейінде реттелуін жетілдірудің жолдарын көрсетеді.
Еңбек бостандығы қағидаты Конституциялық және еңбек құқығының негізгі қағидаттарының бірі ретінде оның маңыздылығы талданды, ол адамның өзінің еңбек қабілетін еркін басқаруға, кәсіп түрін, қызмет саласын таңдауға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сонымен бірге, құқық қолдану тәжірибесін талдау көп жағдайда еңбек бостандығын шектеу жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзуымен байланысты деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Ғылыми мақаланың мақсаты: ЕАЭО-дағы еңбек бостандығы қағидатын ұстанудың конституциялық кепілдігін құқыққолдану тәжірибесінде қолданудың кейбір мәселелеріне салыстырмалы талдау жасау арқылы жалдамалы жұмыскерлердің құқықтарын қорғау бойынша тұжырымдамалар дайындау.
Еңбек бостандығы қағидатының халықаралық және ұлттық құқық тұрғысынан айтарлықтай ықпалы бар. Осы қағидатты зерделеу, құқық теориясы, азаматтық және еңбек заңнамасы тұрғысынан оның тиімділігінің сақталуын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу қазіргі заманғы заң ғылымы, азаматтық және төрелік соттардағы, оның ішінде ЕАЭО-дағы заң шығарушылар мен тәжірибемен айналысатын заңгерлер үшін маңыздылығын арттыратын ғылыми жаңылығы ретінде қарастырылады.
Еңбек бостандығы қағидаты қазіргі заманғы әлемдік деңгейде еңбек құқығының негізін қалаушы заңды қағидаттардың бірі болып табылады. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 23-бабының 1-тармағына сәйкес: «Әрбір адамның еңбек етуге, жұмысты еркін таңдауға, әділ және қолайлы еңбек жағдайларына және жұмыссыздықтан қорғалуға құқығы бар» делінген, дегенмен, бұл ереже тәжірибеде әрдайым сақталмайды, соның негізінде адамдардың мәжбүрлі еңбекке ұшырауының салдары туындайды. Сондықтан да бұл тақырыптың ғылыми жағынан өзектілігін арттырады.
Түйінді сөздер: еңбек бостандығы қағидаты; конституциялық кепілдік; еңбек бостандығын шектеу; мәжбүрлі еңбекке тиым салу, ЕАЭО келісім шарты.