АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_192Кілт сөздер:
Әкімшілік ведомствалар, АҚШ Жоғарғы Соты, АҚШ Конгрессі, билікті бөлу мәселелері,, Президенттің әкімшілік бөлімдердің қызметіне тұрақты ықпалы, федералдық әкімшілік департаменттер, «тежемелік» және «тепе-теңдік» қағидасы, Локнер кезеңіАңдатпа
Мақалада АҚШ-тағы мемлекеттік биліктің іске асырылуының кейбір мәселелері қарастырылады. Конституциялық құқық доктринасына сәйкес атқарушы , заң шығарушы және сот билігі болып бөлінеді. Бұл зерттеу мемлекеттік биліктің жүйесін сипаттайтын биліктің бөлінуі мен тежемелік және тепе-теңдік жүйелерінің доктринасын талдайды. Осылайша, биліктің бөлінуі бір тармақтың екіншісінің негізгі функцияларын орындауын шектеу үшін жеке тармақтарға бөлуді білдіреді.
Американдық үкіметтің моделі биліктің сот, атқарушы және заң шығарушы тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлуге негізделгенімен, бұл тармақтар арасындағы шекаралар әрдайым айқын бола бермейді. Конституцияны жасаушылар мемлекеттік билікті бөлу арқылы жеке бостандықты қорғауға тырысты.
Конституцияны әзірлеушілердің ерекше еңбегі – негізгі конституциялық принцип ретінде билікті бөлу принципін конституциялық түрде бекіту арқылы мүмкін болатын озбырлықтың алдын алу қажеттігі туралы Д.Локк пен Ш.Монтескье идеяларын әлемде бірінші рет сәтті жүзеге асыру болып табылады. Осы аталған авторлар орталықтандырылмаған басқару формаларын жақтады, атап айтқанда, Джон Локк тәуелсіз сот билігінің қажеттілігін атап өтті, ал Монтескье француз болса да, ағылшын жүйесі ретінде түсінгендерін қазіргі үкіметтер бағалайтын стандарт ретінде қорғады.