ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_127Кілт сөздер:
отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, физикалық, психикалық, экономикалық және жыныстық зорлық-зомбылық, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, қылмыстық заңнаманы жетілдіруАңдатпа
Мақалада зорлық-зомбылық және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық ұғымы талданады. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері қарастырылады: физикалық, психикалық, экономикалық және жыныстық зорлық-зомбылық. Отбасылық және тұрмыстық қатынастарды біріктіретін отбасылық-тұрмыстық қатынастар ұғымы зерттелді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық ұғымының анықтамасы тұжырымдалған. Көбінесе отбасылық-тұрмыстық салада бір адамды екінші адамға қудалау орын алады. Осы қоғамдық қауіпті әрекеттің алдын алу үшін осы жағымсыз құбылысқа қарсы қылмыстық-құқықтық шаралар ұсынылады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауаптылық көзделген 108-бапты және ұрып-соққаны үшін жауаптылық көзделген 109-ші баптарды. Қылмыстық кодекстен алып тасталды. Аталған іс-әрекеттерді қылмыссыздандырғаннан кейін отбасылық жанжалдаушылар жауапкершілік пен жазаның жеңілдегенін сезініп, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыстық құқық бұзушылықтарды көбірек жасай бастады.
Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан кейінгі 2 жыл ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық санының өсуі Қылмыстық кодекстен 108 және 109-баптарды алып тастау туралы шешімнің қате екенін көрсетті. Сондықтан ҚК-нің 108-бабын және 109-бабын ҚК-ке қайтарып, осы баптардың санкцияларында баламалы жаза ретінде қамауға алу емес, бас бостандығынан айыру көзделе отырып, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздеу ұсынылады.
Басқа да отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға бағытталған қылмыстық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар бар.