ҰЛТТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ: ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ПАНДЕМИЯСЫНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ ТУРАЛЫ ДИСКУРС

Авторлар

  • Лидия Башировна Богатырев С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
  • Бинур Адамовна Тайторина КазНПУ имени Абая
  • Айжан Мұратқызы Сәтбаева

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_158

Кілт сөздер:

құқықтық реттеу, денсаулық сақтау, пандемия, халықаралық ынтымақтастық, халықаралық медициналық-санитарлық ережелер, модернизация

Аңдатпа

Зерттеу дағдарыс жағдайында денсаулық сақтауды жаһандық басқару жүйесін халықаралық құқықтық реттеуді трансформациялаудың ғылыми дискурсы мақсатында пәнаралық тәсіл негізінде деректер мен әдебиеттерді талдауды біріктірді. Мақала тарихи ретроспективаны зерттеуге және жұқпалы аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл кезіндегі мемлекеттердің ынтымақтастығын халықаралық-құқықтық реттеудің қазіргі заманғы трендтерін талдауға арналған. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жаһандық ауқымда адам денсаулығын сақтау және өркениеттің өмір сүруі мәселесі тұрғысынан өзекті болып отыр. Ұлттық денсаулық сақтау жүйелерін тиімді құқықтық реттеуді ұйымдастыру мәселесі  халықаралық және ұлттық құқық нормалары деңгейінде қаралады. Атап өтілген: коронавирус факторы пандемия жағдайында қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің трансформациясын заңдастыру қажеттілігін анықтады, өйткені халықаралық және ұлттық деңгейлердегі қолданыстағы нормативтік-құқықтық база денсаулық сақтау жүйесін реттеуді қамтамасыз етуге жауапты құқықтық тетіктердің жетілмегендігін көрсетті. Мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының эволюциясын талдау жұқпалы аурулардың пандемиясы жағдайында денсаулық сақтауды жаһандық басқару жүйесінде қоғамдық қатынастарды нормативтік-құқықтық реттеуді жақындастыру қажеттілігі туралы қорытынды жасауға негіз береді.

Зерттеу дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше барлық мемлекеттер үшін заңды күші міндетті болып табылатын тарихи және дәстүрлі әмбебап халықаралық құқықтық акт болып табылатын ХМСЕ - халықаралық медициналық-санитарлық ережелерді модернизациялау мәселелеріне негізделген. Зерттеу қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ірі төтенше жағдайлар мен онымен байланысты дағдарыстар жиілігінің артуы пандемияға қарсы тұрудың құқықтық тетіктерін жетілдіруді талап етеді деген қорытындыға келді. Ұлттық денсаулық сақтау жүйелерін халықаралық-құқықтық реттеуді жаңғырту мәселелері тұрғысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ДДСҰ қызметінің тиімділігі де, дәрменсіздігі де; халықаралық деңгейде институционалдық шашыраңқылықтың туындауы; жұқпалы инфекциялық аурулар пандемиясы жағдайында қолдануға арналған бірыңғай/әмбебап бағдарламалық акт жасау мәселелері қаралады.

##submission.authorBiographies##

##submission.authorWithAffiliation##

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Медициналық құқық кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

##submission.authorWithAffiliation##

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих және құқық институтының профессоры, заң ғылымдарының докторы

##submission.downloads##

Жарияланды

24.03.2023

##submission.howToCite##

Богатырев, . Л. Б., Тайторина, Б. А., & Сәтбаева, А. М. (2023). ҰЛТТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ: ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ПАНДЕМИЯСЫНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ ТУРАЛЫ ДИСКУРС . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(72). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_158

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану