ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАЛАУ ЖҰМЫСЫН ҒЫЛЫМИ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: Н.А. САРТАЕВАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАНДА
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_70_3_263Кілт сөздер:
заң шығару қызметін ғылыми қамтамасыз ету, қоғамдық сенім рейтингі, құқық қорғау органдарының қызметі, ішкі істер органдары, сараптамалық сауалнамаАңдатпа
Мақалада 2011 жылы «Заңнама институтының жаршысында» жарияланған құқық қорғау органдарының қызметі туралы заңнаманы жетілдіру бойынша заң шығару жұмыстарын ғылыми қамтамасыз ету мәселелеріне арналған үш мақалаға талдау жасалған.
«Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңын әзірлеу туралы» мақалада («Заңнама институтының жаршысы» журналының № 1 (21) санында жарияланған) Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңының жаңа редакциясына қатысты мәселелер қарастырылған. Осы мақсатта мыналар зерделенеді: Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметінің ерекшеліктері, милицияның (полицияның) қызметін реттейтін халықаралық құқықтық актілер, сондай-ақ осы саладағы заңнамаға қатысты жаңа көзқарастар ұсынылады. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметін бағалау жүйесіне халықтың сенімінің басымдығы туралы мәселе» туралы мақалада («Заңнама институтының жаршысы» журналының № 3 (23) санында жарияланған) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметіне халық тарапынан сенім басымдылығын анықтауға байланысты мәселелер зерттеледі. Құқық қорғау органдарының қызметін бағалау критерийлерінің қатарында «халықтың сенім рейтингін» енгізу ұсынылады. Бұл көрсеткіш құқық қорғау органдарының қызметінде қоғамдық пікірді есепке алудың бір жолы ретінде қарастырылады. «Құқық қорғау органдары қызметінің заңнамалық негіздері және оларды жетілдіру» туралы мақалада («Заңнама институтының жаршысы» журналының № 4 (24) санында жарияланған) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін заңнамалық базаға талдау жасалған. Сондай-ақ, мемлекеттің құқық қорғау жүйесіне қатысты және оны жетілдіруге бағытталған жеке құқықтық жаңашылдықтар ұсынылады.