ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_258Кілт сөздер:
агроөнеркәсіптік кешен, цифрландыру, құқықтық реттеу, мемлекеттік қолдау, аграрлық өндіріс, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіАңдатпа
Мақала ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің № AP14870596 «Жайылымдық экожүйелерді ұтымды пайдалану мен қорғауды құқықтық реттеу мәселелері» гранттық жобасы аясында дайындалды.
Зерттеудің тақырыбы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларының қазіргі жағдайында агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау саласындағы заңнама болып табылады. Ұсынылып отырған зерттеудің мақсаты аграрлық саладағы мемлекеттік қолдау шараларының құқықтық мәселелерін кешенді зерделеу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және оны қолдану практикасын жетілдіру үшін ғылыми негізделген теориялық ережелер мен практикалық ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
Мақалада аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің құқықтық мәселелері қарастырылады, біртұтас өзара тәуелді әлеуметтік жүйе түрінде; мемлекеттік қолдау, аграрлық секторды цифрландыру процестерін айқындайтын және осы саланы құқықтық реттеу қажеттілігін туындататын ішкі және сыртқы факторларға талдау жасалды; қолданыстағы ұлттық және халықаралық тәжірибені ескере отырып, елімізде агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау мәселелері зерделенді; аграрлық секторды мемлекеттік реттеу саласындағы құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар мен тәжірибелік ұсынымдар әзірленді. Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау жүйесін зерделеу бұл шаралардың сан алуан екенін көрсетті, олардың ішінде агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау мен инвестициялау өзекті болып табылады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мемлекеттік қолдау алу құқығын іске асыру тетігін регламенттеу, АӨК субъектілерінің міндеттемелерін орындау мониторингін цифрландыруды енгізу, АӨК цифрландырудың жол картасын әзірлеу, ауыл шаруашылығы Қоры атынан үйлестіруші ұйым құру аграрлық саланы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесетін болады.