ЗАҢДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЗАҢНАМА САПАСЫН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Айгүл Өміржанқызы Қалиева

DOI:

https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_142

Кілт сөздер:

заңнаманың тиімділігін талдау, құқықтық мониторинг, нормативтік құқықтық актілерді талдау, мемлекеттік органдар, заңдарды талдау нәтижелері, заң шығару қызметі

Аңдатпа

Мақала «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізетін заңдардың тиімділігін талдау нәтижелерін пайдалану арқылы заңнаманың сапасын арттыруға арналған.

Авторлар құқықтық мониторинг ұғымын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің тиімділігін арттырудың ерекше тетігі ретінде ашады, оған Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйін және оны іске асыру практикасын бағалау бойынша ғана емес, сонымен қатар құқықтық құбылыстардың даму динамикасын болжау бойынша да ерекше функциялар берілген. Бұл құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға теріс әсерінің алдын алу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Авторлар норма шығару қызметінің сапасына және тиімділігіне байланысты заңнаманы, оның жекелеген салаларын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуде, сол сияқты Қазақстандағы құқық қолдану практикасының жай-күйі тәуелді болатын тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде көрініс тапқан құқықтық мониторинг нәтижелерінің ерекше маңыздылығын атап өтеді.

Сонымен қатар, құқықтық мониторинг тұрақты, циклдік сипатқа ие, өйткені заңнамалық актілерге жүргізілетін талдау олқылықтарды, қайшылықтар мен коллизияларды анықтауға және тұжырымдамалардың жобаларын әзірлеу және тиісті ведомствоаралық комиссиялардың қарауына енгізу арқылы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Құқықтық мониторинг нәтижелері норма шығаруды, яғни белгілі бір идеяның пайда болуынан басталатын процесті және қолданылуы барысында құқық нормасының қазіргі шындығына, яғни белгілі бір жағдай мен субъектіге нақтыланбаған мінез-құлықтың абстрактілі ережелеріне айналатын, нысаны мен мазмұны бойынша пысықталған нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды дайындауға бағытталған жұмыстың өзін қамтамасыз ететін арнайы көмекші заң қызметі ретінде қолданылады деп санаймыз.

Заң жобаларының тұжырымдамаларын әзірлеу кезінде заңдардың тиімділігін талдау нәтижелерін пайдалану қажеттілігіне назар аударылды. Қазақстан Республикасында құқықтық мониторинг тетігін одан әрі жетілдірудің және оның заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеу процесімен үйлесуінің орындылығы туралы қорытынды жасалды.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2020

##submission.howToCite##

Қалиева, А. Ө. (2020). ЗАҢДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЗАҢНАМА САПАСЫН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ТАЛДАУ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(62). https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_142

Журналдың саны

Бөлім

Құқықтық мониторинг