НЕКЕЛЕРІН БҰЗҒАН БҰРЫНҒЫ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ КЕЗІНДЕ БІР-БІРІНЕ БЕРГЕН СЫЙЛЫҚТАРЫН ҚАЙТАРУ ЖОЛДАРЫ (СОТ ШЕШІМІ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

  • Гульнар Эркеблановна Абдрасулова
  • Ұлбала Ерзатқызы Кудиярова КазГЮУ Университетінің ҚЖМ

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_110

Кілт сөздер:

ерлі-зайыптылар, мүлік, мүлікті заңсыз иелену, виндикациялық талап

Аңдатпа

Бұл мақаланы жазуымыздың себебі қазіргі таңда еркек пен әйел некелерін қиған кезде не болмаса некелерін заңдастырмай, әдет-ғұрып салты бойынша қалың мал, құдалық және тағы басқа да рәсім не кәдеге берген сыйлықтарына қатысты, яғни сол неке қиған ерлі-зайыптылар некелерін бұзған жағдайда берген сыйлықтарын қайтаруға қатысты дауды өзара шеше алмай сотқа талап қою арызын жазады. Осыған қатысты, қаншалықты бұл мүіктерді даулап қайтаруға болады? Тараптар арасында бұл салт дәстүрдегі кәделерді бір-біріне (еркек пен әйел жақтарына) беру келісімшарт болып табылады ма? Бұндай мәселе туындаған жағдайда ерлі-зайыптылар міндетті түрде некелері заңдастырылған болуы керек пе? Бұл келісімшартты сыйға тарту шарты деп тануға болады ма және ол қандай нысанда жүзеге асырылады? Қандай жағдайда сый тартушы тарап сый алушыға берген мүліктің күшін жоя алады? Әйелдің артына алып келген жасауын ер адам бермеуге құқығы бар ма? Не болмаса ер адам той жасадым деген уәжбен әйел адамның артынан келген мүлікті ұстап қалуға қаншалықты құқығы бар? Ер адамның бұл мүлікті ұстап қалуы мүлікті заңсыз иеленуі болып табылады ма? Ер адам мен әйел азаматша бір-бірінің ата-анасына не туыстарына берген сыйлықтарын, атап айтқанда алтын комплект және тағы басқаға қатысты мүліктерді қайтаруды талап ете алады ма? Заңсыз иеленген мүлікті меншік иесі даулай алады ма? Осы мәселелерді виндикациялық талапен қарастыруға болады ма? Осындай дауларға қатысты талап қоюшы моральдық зиянның орнын толтыруды талап ете алады ма? Моральдық зиянның мөлшері қандай болмақ? Қоғамда болып жатқан әдет-ғұрып негізіндегі сыйға тарту кәделерін заңды рәсімдемей, оны қайтару кезінде қандай мәселелер туындауы мүмкін және тағы басқа осы мәселе аясында мәселелерді шешу сот тәжірибесінде қалай реттеледі және сот тәжірибесінен алынған оқиғаларды заңмен байланыстырып талдауға тоқталамыз.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

з.ғ. к., доцент

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2022

##submission.howToCite##

Абдрасулова, . Г. Э., & Кудиярова , Ұ. Е. . . (2022). НЕКЕЛЕРІН БҰЗҒАН БҰРЫНҒЫ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ КЕЗІНДЕ БІР-БІРІНЕ БЕРГЕН СЫЙЛЫҚТАРЫН ҚАЙТАРУ ЖОЛДАРЫ (СОТ ШЕШІМІ НЕГІЗІНДЕ). «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(71). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_110

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық