ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ МЕН ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_212Кілт сөздер:
Қазақстан Республикасы, қаржы нарығы, қаржы ұйымдары, реттеу, бақылау, қадағалау, реттеудің ерекше режимі, уәкілетті органАңдатпа
Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік органдар қаржылық қызмет көрсетушілердің тұрақты жұмысы мен мемлекеттік немесе жергілікті несие нарықтарына тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, экономикада шешуші рөл атқарады.
Мұндай жағдай Қазақстанға да тән. Республикада қаржы нарығын реттеудің тәсілдері мен әдістері халықаралық стандарттарды (Банкті қадағалау жөніндегі Базель комитетінің, Сақтандыру қадағалауларының халықаралық қауымдастығының, Зейнетақы қадағалауларының халықаралық ұйымының, Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының, Еуропа Одағының, Исламдық қаржы қызметтері жөніндегі кеңестің стандарттарын) ескере отырып, Қазақстан қаржы жүйесін дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары шеңберіне негізделеді.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды осы саладағы негізгі заңнамалық актілердің бірі – 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» №474 Заңы (бұдан әрі – заң) реттейді. Бұл заң Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу жөнінде жағдайлар жасауға бағытталған.
Осы мақалада аталған Заңға жан-жақты талдау (мониторингі) жүргізілді, өйткені оның жекелеген ережелері қазіргі уақытта біркелкі құқықтық сипатқа ие емес.
Мақаланың құрылымында кіріспе, Қазақстан Конституциясына және зерттелетін саладағы мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігін талдау, халықаралық тәжірибеге шолу жасау, қолданыстағы заңның жекелеген олқылықтарын анықтау, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру жөніндегі қорытындылар мен нақты ұсыныстар бар.