МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_228Кілт сөздер:
мүгедектер, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мүгедектердің құқықтары, оңалту, әлеуметтік қорғауАңдатпа
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау ұлттық заңнамада толыққанды көрініс тапқан Қазақстан Республикасының ішкі саясатының бір бөлігі болып табылады. Азаматтардың осы санатына мемлекет тарапынан жіті назар аудару қажеттілігі тең дәрежеде олардың жоғары санына, олардың қоғам өміріне, еңбекке, өзіне-өзі қызмет көрсетуге толыққанды қатысуына мүмкіндіктерінің объективті шектелуіне негізделген. Автор азаматтардың осы санатына қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негізгі принциптерін анықтайды. Қазақстан Республикасының Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауы мүгедек адамдардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қамтамасыз етудің, қорғаудың және дамытудың қосымша кепілдіктерін жасады, сондай-ақ мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтық реттеу мен практикалық қызметті одан әрі жетілдіру үшін бағдар болды. Автор Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін сипаттайды. Мақалада мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманғы жүйесінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуіне талдау жасалып, оның Мүгедектердің құқықтары туралы халықаралық конвенцияға кейбір қайшылықтары келтірілген. Автор мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін құқықтық актілердегі олқылықтарға назар аударды. Олқылықтар мүгедектердің жеке ұтқырлығы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, санаторий-курорттық емдеу және техникалық жарақтандыру мәселелеріне қатысты. Талдау және зерттеу нәтижелері бойынша автор «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне және «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады.