ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_168Кілт сөздер:
адам құқықтары, жеке өмірге қол сұғылмаушылық, жеке деректерді қорғау, цифрландыруАңдатпа
Мақала цифрландыру жағдайында жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын қорғауға арналған. Автор жеке өмірді, оның ішінде жеке және отбасылық құпияны, жеке салымдар мен жинақ ақшалардың, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясын қорғау құқығын регламенттейтін халықаралық құжаттарға талдау жүргізеді.
Мақалада цифрлық ғасырда жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын қамтамасыз ету мен қорғаудың кепілдіктерін бекітетін халықаралық құралдар келтірілген, өмірге араласпаушылық, өмірді бақылаудан және ол туралы ақпаратты таратудан кепілдіктер анықталған, сондай-ақ жеке сипаттағы ақпараттың трансшекаралық қозғалысын құқықтық реттеу мәселелері қозғалған.
Автор автоматтандырылған деректер базасында жинақталған жеке деректерді рұқсатсыз немесе кездейсоқ бұзылудан немесе жоғалудан, сондай-ақ өзгеруден, рұқсатсыз кіруден немесе кейіннен таратудан қорғау үшін тиісті шараларды енгізу қажеттілігін көрсетеді.
Мақалада Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысушы мемлекет үкіметтерінің негізгі ережелерге сәйкес келетін немесе қолданыстағы ұлттық заңнаманы оларға сәйкес келтіру жөніндегі жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын қамтамасыз етуге қатысты осындай заңнамалық актілерді қабылдау бойынша ұсынымдар талданады.
Еуропалық соттың адам құқықтары жөніндегі халықаралық-құқықтық актілері мен тәжірибесін талдау қорытындылары бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіруге, құқық қолдану тәжірибесін жақсартуға, жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығына қатысты институционалдық дамуға қатысты бірқатар ұсынымдар мен ұсыныстар қалыптастырылды.