ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ АКТІСІ: ТЕОРИЯДАН РЕФОРМАЛАУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ДЕЙІН
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_261Кілт сөздер:
конституция, Қазақстан Республикасы, Конституциялық реформа, конституционализмАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасының Конституциясына қатысты ғылыми көзқарастар мен саяси-құқықтық ұстанымдардың қалыптасуы мен дамуын, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі қалыптасқан конституциялық реформаларды зерделеуге арналған.
Мемлекеттің Негізгі Заңы қабылданған құқықтық жағдайларды қарау мақсатында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы 25 қазандағы № 307-XII қаулысымен қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның маңызды ережелеріне назар аударылды. Сондай-ақ, мақалада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қаралды.
Автор 1993 жылғы Конституция мен 1995 жылғы Конституцияны талдау нәтижелерін ұсынды, теориялық-доктриналық негіздерін баяндады, Қазақстан Республикасының Негізгі заңының құқықтық табиғатын қарады.
Қазақстан конституцияларын әзірлеу мәселелерімен тікелей айналысқан, сондай-ақ құқықтық доктринаға елеулі ықпал еткен ғалымдардың пікірлері келтіріледі. Қазақстан халқы референдумда Конституцияны қабылдап, мемлекеттік биліктің құрылтайшысы ретінде болғаны атап өтілді. Конституция мемлекеттің ұйымдастырылуы мен қызметінің демократиялық принциптерін бекітті. Осылайша, референдумда қабылданған және халықтың еркін білдіретін Конституция мемлекеттілікті негіздейтін және мемлекеттің негізін қалайтын нормативтік құқықтық акт болып табылады.
1995 жылғы Конституция қабылданғаннан кейінгі Конституциялық реформаларға шолу жасалды. Жүргізілген реформалар демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет негіздерінің дамуына әсер етті, оның ең жоғары құндылықтары -адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Конституциялық дамудың объективті процестері билік тармақтарын бөлу жүйесін, конституциялық өкілеттіктерді бөлуді және жауапты лауазымды тұлғаларды сайлауды қамтыды.
Конституциялық даму тәжірибесі конституциялық-құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіру мәселелерін өзектендірді және Қазақстан Республикасында конституционализмнің құқықтық Доктринасын зерделеудің, әзірлеудің эмпирикалық негізі болды деген пікір айтылады.