ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ БАССЕЙНДЕРДЕГІ СУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗДЕРІ Айжан Ержановна Жатканбаева
Кілт сөздер:
су ресурстарын басқару, су қауіпсіздігі, трансшекаралық су объектілері, ортақ су пайдалану, экологиялық қауіпсіздікАңдатпа
Мақала көршілес мемлекеттердің шаруашылық қызметі жағдайында трансшекаралық су объектілерінің жағдайымен және аталған елдердегі экологиялық жағдаймен байланысты қатынастарды реттеудің құқықтық мәселелерін талдауға арналған. Қолданыстағы халықаралық заңнаманы және елдер арасындағы екіжақты келісімдерді зерттеу нәтижесінде трансшекаралық су объектілерінің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары анықталды. Экологиялық қауіпсіздіктің келесі бағыттарын атады: Орталық Азия елдерінің су-энергетикалық мәселесі; климаттың өзгеруінің суға әсері; Арал экологиялық дағдарысы және оның Орталық Азия аймағының қоршаған ортасына тигізетін зардаптары. Мақала авторларымен трансшекаралық су объектілерінің экологиялық мәселелерін жою бойынша ұсыныстар жасалынды. Сонымен қатар, авторлар шекаралас көрші елдердің және тұтас алғанда әлемдік кеңістіктің су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір бағыты ретінде трансшекаралық су объектілерінің құқықтық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар жасалынды. Зерттеу нәтижесінде халықаралық құқық негізінде суды бөлу және трансшекаралық өзендерді қорғаудың құқықтық мәселелері бойынша негізгі құжаттарға қол қою және трансшекаралық өзендер проблемасын ШЫҰ деңгейіне және үшжақты келіссөздер деңгейіне шығару ұсынылады (Ресей, Қазақстан, Қытай). Зерттеу авторлары трансшекаралық су объектілерінің жағдайын бақылаудың тиімді тетігі болып табылатын трансшекаралық өзендерде бірлескен гидроэнергетикалық құрылыстар құрудың маңыздылығын негіздейді және қажет деп санайды. Сонымен қатар, авторлар Қазақстан мен Қытайдың барлық өзен бассейндерінде бақылау желісін (өлшеу бекеттері және т.б.) кеңейтуді, жетілдіруді және модернизациялауды және олардың жұмысының тиімділігін арттыруды ұсынады, өйткені қолданыстағы өлшеу станциялары заманауи қондырғылармен жабдықталмаған, бұл олардың жұмысының тиімділігіне әсер етеді.