ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ТЕНДЕНЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_320Кілт сөздер:
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, сақтандыру бағдарламасы, OSHA, денсаулықты қорғау және сақтау, жұмыс берушілер, жұмысшыларАңдатпа
Бұл мақалада автор Жапонияда, Оңтүстік Кореяда және АҚШ-та еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы өзекті тенденцияларға, соның ішінде сәйкестік стратегиясын әзірлеу, қызметкерлерді оқыту, тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету, жұмыс міндеттерін қауіпсіз орындау, жазатайым оқиғалар туралы есеп беру және жарақат пен аурушаңдықты азайтуға талдау жасайды. Осылайша автор жоғарыда аталған елдердің кәсіпорындары назар аударатын бірнеше негізгі аспектілерді бөліп көрсетеді.
Зерттеу барысында автор еңбекті қорғау саласындағы белсенді саясат қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорындардың қиын кезеңдер мен жағдайларда да оңтайлы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді деген қорытындыға келді. Сондай-ақ автор жұмыс орнындағы қауіптерді жарақатқа немесе ауруға әкелмес бұрын анықтауға және жоюға бағытталған саясат – көптеген юрисдикцияларда қажеттілігін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы сенімділікті, қауіпсіздікті арттыру, коммуникацияны жақсарту арқылы құндылықты қамтамасыз ететінін, операциялық қызметтің жалпы жақсаруына әкелетінін атап көрсетеді. Автор жұмыс орнындағы денсаулық пен қауіпсіздік саясатын сәтті жүзеге асыру бүкіл әлемдегі жұмыс берушілер, жұмысшылар, басқа мүдделі тараптар мен үкіметтер үшін әрдайым басымдықта болуы керек деп санайды.
Жүргізілген талдау негізінде мақалада шетелдік тәжірибені отандық практикаға ішінара имплементациялау бойынша ұсыныстар беріледі.