ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАР: ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_4_439Кілт сөздер:
үлестес тұлғалар, жекешелендіру, инвестициялық-жекешелендіру қорлары, жекешелендіру инвестициялық купондары, Қазақстан заңнамасы, инсайдерлік сауда, корпоративтік құқық, ұғымның генезисі, құқықтық реттеуАңдатпа
Зерттеу Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі «үлестес тұлғалар» ұғымының генезисін зерделеуге, оны енгізу себептерін анықтауға, нормативтік эволюциясын талдауға және экономикалық қатынастарға әсерін зерттеуге бағытталған. Негізгі мақсат – үлестестік санатының нарықтық экономикаға көшу жағдайында реттеу құралына қалай айналғанын анықтау, сондай-ақ жекешелендіру кезеңінде теріс пайдалануға ықпал еткен құқықтық олқылықтарды ашу.
Жұмыста нормативтік актілерге (1993–1999 жж.) тарихи-құқықтық талдау, сот практикасын зерделеу, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасымен салыстыру үшін салыстырмалы-құқықтық әдіс қолданылды. Қосымша 1990-шы жылдардағы экономикалық процестердің контекстік талдауы пайдаланылды.
«Үлестес тұлғалар» ұғымы 1993 жылы жекешелендірудің II кезеңі аясында инвестициялық-жекешелендіру қорларына (ИЖҚ) бақылауды ресімдеу үшін енгізілгені анықталды. Алайда, нақты құқықтық реттеу мен жауапкершілік өлшемдерінің болмауы ИЖҚ-ға активтерді үлестес құрылымдар арқылы заңды мәмілелер түрінде шығаруға мүмкіндік берді. Бұл меншіктің тар шеңбердегі адамдар қолында шоғырлануына және халықтық жекешелендіру идеясының беделін түсіруге әкелді. Кейіннен бұл терминнің «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (1997) және «Акционерлік қоғамдар туралы» (1998) заңдарда бекітілуі оның мазмұнын кеңейтті, бірақ реттеудің бөлшектенуін сақтап қалды.
Зерттеу нәтижелері корпоративтік заңнаманы жетілдіру, мүдделер қақтығысына қарсы іс-қимыл тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан құқығының тарихы бойынша оқу курстарында пайдаланылуы мүмкін.
Үлестестік институты 1990-шы жылдардағы нарықтық трансформацияның сын-қатерлеріне жауап болды, алайда оның бастапқы құқықтық анықсыздығы теріс пайдалануға негіз қалады. Заңдарда біртіндеп нақтыланғанына қарамастан, жүйелі тәсілдің болмауы (мысалы, жеке заңның немесе Азаматтық кодекске енгізудің жоқтығы) қазіргі жағдайда ұғымды қолдану тиімділігін шектейді.

