ЦИФРОВОЕ ПРАВО В СИСТЕМЕ КАЗАХСТАНСКОГО ПРАВА: ТЕОРЕТИКО-ПРАВОВЫЕ АСПЕКТЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_4_110Ключевые слова:
Keywords: artificial intelligence, digital technologies, digital law, subject of digital law, digital code, legal system, branch of law.Аннотация
Мақалада Қазақстанның құқық жүйесіндегі құқық саласы ретінде цифрлық құқықты қалыптастыру мәселелері баяндалады. Мақалада 2025 жылғы мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда цифрлық кодекс нысанында жеке заңнамалық акт әлі қабылданбағанына қарамастан, цифрлық қатынастар, жасанды интеллект және т. б. мәселелерін реттейтін әртүрлі құқықтық актілерде қамтылған құқықтық нормалар негізінде қазақстандық құқық жүйесінде, цифрлық құқық объективті түрде институттандырылды.
Авторлар ғылыми әдебиеттерде «цифрлық құқық» ұғымының бірыңғай анықтамасы жоқ екенін айтады. Сонымен бірге мақалада қоғамдық қатынастарды реттеу пәні бойынша цифрлық құқық дербес сала емес, құқықтық нормалары жария құқық саласындағы да, жеке құқық қатынастарындағы да мәселелерді реттейтін күрделі құқық саласы болып табылатыны атап өтілген.
Өз кезегінде, мақала цифрлық қатынастардың құрамдас бөлігі ретінде ақпараттандыру және коммуникация саласындағы тиісінше әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін әкімшілік-құқықтық және қылмыстық құқық нормалары цифрлық құқық нормаларының құрамдас бөлігі болып табылмайтынына ерекше назар аударылады. Осыған қарамастан, мақалада цифрлық құқық өзінің мазмұнына сол немесе өзге де дәрежеде құқықтың әртүрлі салаларының: конституциялық, азаматтық, әкімшілік, қаржылық, еңбек және басқа да құқық салаларының нормаларын қамтитыны атап көрсетілген.
Цифрлық құқық әдісін ұсына отырып, авторлар цифрлық құқықта құқықтық реттеудің императивті және факультативтік әдістері бар деп есептейді. Тиісінше, мақалада цифрлық құқық бір немесе басқа дәрежеде құқықтық реттеудің императивті және факультативтік әдістерін біріктіретінін көрсетеді.
Сонымен қатар, мақала цифрлық құқықтың қайнар көздері мәселелерін қамтиды және цифрлық құқықты заң ғылымы және академиялық заң пәні ретінде қысқаша қарастырады.

