ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР ЖОБАЛАРЫНА ҒЫЛЫМИ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУДІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Данара Багдатовна Абдильдина

Кілт сөздер:

ғылыми сараптама, халықаралық шарт, халықаралық шарт жобасы, ратификация

Аңдатпа

Міндетті ғылыми сараптама ратификациялауға жататын халықаралық шарттар жобаларына – оларға қол қойғанға дейін, ал Қазақстан Ресупбликасы қатысушысы болуға ниеттенген халықаралық шарттарға – оларды ратификациялау немесе ратификациялау арқылы қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін өткізіледі.

Халықаралық шарттарға ғылыми сараптама жүргізудің ерекшелігі сарапшыларға аталған процедураны реттейтін ұлттық заңнама нормаларына сүйенумен қатар, сонымен қоса, Халықаралық шарттар туралы Вена Конвенциясы сияқты халықаралық құқықтың қайнар көзін есепке алу қажеттілігі болып табылады.

Қазақстан Ресупбликасының Заңнама институты, халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге мемлекеттік сатып алу шешімдері болмағандықтан, жыл сайын қаңтардан наурыз айына дейін халықаралық шарттарға ғылыми сараптаманы жүзеге асырады. 2017 жылы Заңнама институтының сарапшылар тобы халықаралық шарттарының - 13 жобаларына сараптаманы жүргізді. Мақала авторы, Заңнама институтымен өткізілетін халықаралық шарттарға ғылыми сараптама жасауға қатысып, аталған процедураның кейбір ерекшеліктерін атап өтеді.

Автор сараптаманың қолданылатын тәсілін көрсетеді, және халықаралық шарттар жобаларының неғұрлым сауалды аспектілерін  анықтайды.

Мақалада сараптама жүргізудің тәртібі, сараптама бағалаудың критерийлері және халықаралық шарт мазмұнының сапасына әсер ететін факторлары анықталады. Заңнамалық деңгейде бекітілген халықаралық шарттарға ғылыми сараптамасының мақсаттары тапсырылған халықаралық шартқа баға беруді жүргізетін эксперттердің негізгі критерийлерін көрсетеді.  Соынмен қатар, автор сараптаманы өткізу кезінде Заңнама институтының сарапшылар тобы негізге алған қосымша критейрийлерді анықтайды.

Мақала мәселемен танысу сипатында жазылған, және халықаралық шарттарға ғылыми сараптама жүргізудің қолданбалы жағын көрсетуге бағытталған.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2018

##submission.howToCite##

Абдильдина, . Д. Б. (2018). ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР ЖОБАЛАРЫНА ҒЫЛЫМИ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУДІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 5(54). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/324