ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ БІРНЕШЕ РЕТ ЖАСАЛУЫ: ЗАҢНАМАЛЫҚ ДЕФИНИЦИЯ ПРОБЛЕМАСЫ

Авторлар

  • Ольга Валерьевна Колос

Кілт сөздер:

қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы, қылмыстардың бірнеше рет жасалуы, қылмыстардың қайта жасалуы, тепе-теңдігі, бір түрлі қылмыстар

Аңдатпа

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 12-бабының 1-бөлігі қарастырылады. Бұл норма «бірнеше рет жасалуы» деген айрықша заң терминінің децинициясы болып табылады.

Бұл норма бірнеше проблемалар құрайды және норма-дефиницияларына қатысты заңнамалық техникасының негізгі талаптарына сай емес. Біріншіден, тиісті ереженің нормативтік мазмұнының бірмағыналылық ережесі (жоғары деңгейден қарағанда - құқықтық анықтылығы қағидасы) бұзылған. Екіншіден, «қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы» децинициясы толық емес болып табылады. Анықтамада құқықтық мағынасы бар барлық айрықша белгілер көрсетілмеген.

Бұл мәселені шешу үшін «тепе-тең қылмыстар» ұғымы қарастырылады. «Тепе-тең қылмыстар» ұғымында қылмыстық заңнамадағы жалпы ереже бойынша бөлек бабымен бір атауындағы қарастырылған қылмыстар түсініледі. Бұндай қылмыстар мысалында зорлау, бұзықшылық. Қылмыстық құқық теориясында тағы бірнеше қосымша бағдарлар бөлінеді:

а) нормативтік бағдар – «қылмыстар бір бабымен немесе оның бөлігімен ескеріледі» деген анықтама;

б) теориялық мазмұнының бағдары - − жасалған қылмыстардың заңдық құрамы.

Автор қылмыстың заңдық құрамы болып табылатын теориялық бағдары әр жақты бола алмайтынын белгілеп дәлел келтіреді, себебі екі қылмыстың заң құрамы әр түрлі болуы мүмкіндігімен, бірақ олар тепе-тең болып қарастырылуы мүмкін.

Келтірілген дәлелдерді еске ала отырып, автор Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіндегі 12 бабының 1-тармағының жаңа редакциясын ұсынады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2017

##submission.howToCite##

Колос, . О. В. (2017). ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ БІРНЕШЕ РЕТ ЖАСАЛУЫ: ЗАҢНАМАЛЫҚ ДЕФИНИЦИЯ ПРОБЛЕМАСЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(47). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/409

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс