МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚ ӨТКЕН СУБЪЕКТІНІҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ҮШІН ОНЫҢ АДАЛДЫҒЫНЫҢ МАҒЫНАСЫ

Авторлар

  • Қамал Қанаткалиұлы Сабиров

Кілт сөздер:

адалдық, мүліктік құқықтық қарым-қатын, адал алушы, меншік құқығын қорғау, азаматтық айналымас

Аңдатпа

Мақалада адал алушының құқығын қорғаумен байланысты кейбір мәселелер қарастырылатын болады. Тұтас алғанда адалдық қағидаты мен мүлік құқықтың қарым-қатынасындағы адалдықтың ара қатынасы зерделенді. Соттық практика мысалында мүліктің құқықтық қарым-қатынастарындағы адал субъектінің қызығушылығы мен құқығын қорғау кезінде туындаған негізгі мәселелер қарастырылуда. Сонымен қатар мақалада қазақстандық және шетелдік ғалымдардың «адалдық» санатының анықтамасына деген әртүрлі пікірлері қарастырылған, адалдық қағидатының Рим құқығындағы bonafides негізінде қалыптасу көздері айқындалған, сондай-ақ континенталдық құқықтағы оның кейінгі дамуы көзделген.

Мақалада виндикациялық талаптар мен реституцияның субъектісі ретіндегі адал сатып алушы құқықтарын іс жүзінде қорғаумен байланысты кейбір проблемалар жан-жақты ашылған. Мәмілені жарамсыз деп тану кезінде соттардың екі жақты реституция қолдануымен байланысты проблема қозғалған. Осы проблемаға қатысты қазақстандық заңгерлер - Қ. Мәмидің, С. Скрябиннің, К. Ілиясованың көзқарастары зерттелген.

Мақалада жасалған түйіндер адал алушының құқығын қорғаудың негізгі мәселелерін терең зерделеуге мүмкіндік береді. Мақала меншік құқығын қорғау, зат құқығы, азаматтық айналымның бағалау түсініктеріне қызығушылық танытатын ғалым-практиктер мен заңгерлерге арналған.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2017

##submission.howToCite##

Сабиров , . К. К. . (2017). МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚ ӨТКЕН СУБЪЕКТІНІҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ҮШІН ОНЫҢ АДАЛДЫҒЫНЫҢ МАҒЫНАСЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(49). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/484