ЕАЭО ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ЭКОНОМИКАЛЫҚ-РЕСУРСТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ ЕО МЕН ОНЫҢ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҰҚСАС ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТҰРҒЫСЫНАН
Кілт сөздер:
Агроөнеркәсіптік кешен, Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық одақ, ауыл шаруашылық, фермер, шаруашылығы, агроөнімі, шетке сату,, жәрдем беру, несие беруАңдатпа
Мақала халықаралық және қазақстандық құқықта терроризм ұғымын қарауға арналған. Осыған орай терроризмді зорлық-зомбылықтың бір актісін жасау тұрғысынан емес, ал күрделі көпжоспарлы құбылыс ретінде қарау ұсынылады. Атап айтқанда, терроризмнің ішінде бірнеше деңгейді (жоспарды) бөліп шығаруға болады, олардың әрқайсысында өз мақсаттары, себептері, субъектілері, объектілері мен тиісінше әрекеттер қатар жүруі мүмкін.
Әрбір деңгейге террористік сипаттағы қылмыстардың өз жиынтығы тән. Мысалы, олардың біреуінде идеологияның қалыптасуы, адамдарды даярлау мен тарту, террористік топты ұйымдастыру, қаржыландыру, мақсаттарды айқындау және т.б. болып жатады. Осы деңгейде сол немесе өзге мемлекеттің аумағында теракт жасауға мүдделі шетел мемлекеттердің әсері байқалуы мүмкін. Оның басқашакөрінісі террористік актіні жасау болып табылады.
Осыған байланысты ұғымның құрамында осы феноменге кіретін бірнеше дәйекті және бір-бірімен байланысты мақсатты бөліп шығару қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, терроризм үш мақсатқа қол жеткізуді көздейді:
- Соңғы мақсат – мемлекет, халықаралық ұйым.
- Тікелей мақсат – терактінің тікелей объектісі.
- Аралық мақсат – қоғам, халық.
Төртінші мақсат та болуы мүмкін – бұл мысалы, кек алу, әлеуметтік әділдікке, жазасыздық жағдайға, көпшілікке ықпал етуге немесе «даңққа» қол жеткізу сияқты жеке мақсаттар.
Осылайша, терроризм – терроризм субъектісінің мүддесіндегі мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың лауазымды адамдары әрекеттеріне ықпал етуге көмектесетін (не халықаралық қатынастарға және құқықтық тәртіпке зиян келтіретін)мемлекеттерде терактілерді даярлауға, қаржыландыруға және жасауға бағытталған қызмет. Бұл жағдайда теракт халықаралық, сол сияқты ұлттық құқық шеңберінде зорлық-зомбылықтың нақты түрі ретінде бағаланатын болады, бұл ретте ол жеке және дербес қылмыс ретінде болады, яғни оны терроризмнің қаруы немесе құралы ретінде тану қажет.