Журнал туралы
Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жаршысы - 2006 жылдан бастап шығаратын рецензияланатын ашық қолжетімді заң журналы.
Журналдың негізгі мақсаты норма шығару мәселелерін қоса алғанда, қазақстандық заң ғылымын дамыту, сондай-ақ оның Қазақстан мен Орталық Азиядағы ұлттық мүдделерін қорғауды ескере отырып, мемлекеттің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметін құқықтық қамтамасыз ету болып табылады. Институт өзінің іргелі және қолданбалы зерттеулерінің негізгі нәтижелерін хабаршыда жүйелі түрде жариялап отырады.
Журнал жылына 4 рет шығады, нөмірдегі мақалалардың орташа саны - 30. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.
Журналмен академиялық ақпараттық ресурстарда – «Киберленинка» электронды кітапханасында, РИНЦ E-library.ru мамандандырылған ақпараттық жүйесінде, Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасында танысуға болады (ҚазҰЭК). Басылым халықаралық CrossRef мәліметтер базасында индекстелген.
Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасының ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне (2-Тізім) енгізілген (12.07.2024 ж. №603 бұйрық).
Журнал рубрикаторы
-
Редакция бағанасы
- Мемлекет және құқық теориясы
-
Конституциялық және әкімшілік құқық
-
Азаматтық және азаматтық-процестік құқық
-
Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс
-
Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану
- Ақпараттық құқық және қауіпсіздік
- Құқық әлеуметтануы және аксиологиясы
- Құқықтық мониторинг
-
Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан
-
Жас ғалым мінбері
-
Ғылыми өмір хроникасы
-
«Жаршының» архивтік беттері
-
Библиография