Құрметті әріптестер, серіктестер!
15.02.2022
«Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 14.02.2022 ж. №38 бұйрығымен 2021 жылдың қыркүйегінен бастап ғылыми қызмет нәтижелерін жариялауға ұсынылған басылымдар тізбесіне енгізілгенін қуана хабарлаймыз. Біздің журнал беттерінде құқықтық ғылымның өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалаларды жариялау үшін ғалым-заңгерлерді, практиктерді, сондай-ақ жас зерттеушілерді ынтымақтастыққа шақырамыз.