КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР КОРПОРАТИВТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_60Кілт сөздер:
корпорациялар, коммерциялық емес корпорациялар, корпорацияның белгілері, өзін-өзі реттейтін ұйымдар, корпоративтік мінез-құлық кодексіАңдатпа
Мақала Қазақстан мен кейбір ТМД елдерінің заңнамасы бойынша коммерциялық емес корпорациялар институтын ғылыми талдауға арналған. Қарастырылып отырған институттың жаңалығы Қазақстан Республикасының заңнамасында тұтастай алғанда корпорация ұғымының, белгілерінің және корпорация түрлерінің толық болмауымен, сондай-ақ бұл терминді азаматтық құқықта белгілеудің ТМД елдерінің заңнамасында (мысалы, Ресейде унитарлық кәсіпорындарды мемлекеттік корпорациялар деп те атайды) белгілі бір қисынсыздығымен түсіндіріледі. Коммерциялық емес корпорациялар сияқты заңды тұлғалар түрінің заңнамалық анықталмауы коммерциялық емес корпорациялардың сипаттамалары мен түрлеріне қатысты ғылыми әзірлемелердің іс жүзінде жоқтығымен ұштастыра отырып, мысалы, Қазақстанда корпоративтік даулардың юрисдикциясы анықтаудағы практикалық мәселелерге әкеледі. Аталмыш және басқа да жағдайлар осы мақалада коммерциялық емес ұйымдардың коммерциялық корпоративтік ұйымдармен салыстырғанда корпорациялар ретіндегі ерекшеліктерін зерттеудің өзектілігін анықтайды.
Ғылыми-құқықтық талдау нәтижесінде коммерциялық емес ұйымдардың бірнеше түрлерін мысалға ала отырып, кәсіптік негізде құрылған қоғамдық бірлестіктер және қауымдастықтар/одақтар түріндегі мүшелік коммерциялық емес өзін-өзі реттейтін ұйымдар корпорациялардың барлық белгілеріне ие деген қорытынды келтірілген. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері тек теориялық ғана емес, сонымен қатар үлкен практикалық маңызы бар және Қазақстан Республикасының ғана емес, сонымен қатар басқа да посткеңестік кеңістіктегі елдердің заңнамасына енгізілсе, коммерциялық емес корпорацияларға қатысушылардың құқықтарын қорғау деңгейі жоғарылайды.