ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА» КӨШУ ЖӨНІНДЕГІ ТҰЖЫРЫМДАМА АЯСЫНДА ШАҒЫН СУ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Кілт сөздер:
Қазақстан Республикасы, «жасыл экономика», кіші су энергетикасы, кіші су электрлік станциясы, жаңартылатын энергия көздеріАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасында кіші су энергетикасын құқықтық қамтамасыз ету проблемалары қарастырылған. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өтуі туралы Тұжырымдамасының басты мақсаттарының бірі жаңартылатын энергетикалық ресурстарды пайдалануды дамыту мен энергия, ресурстарды үнемдеу бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады. Кіші су энергетикасын дамыту, ең алдымен, бірнеше фактормен айқындалады. Оған үнемшілдікті, аз шығындылықты, әлеуметтік мәселелердің шешілуін (жұмыспен қамту, азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту), тиісті табиғи жағдайлардың болуы және т.б. жатқызылады.
Дегенмен, Қазақстан Республикасының кіші су энергетикасын дамытуды құқықтық реттеуге жасалған талдау нәтижесінде заңнамада кемшіліктің бары анықталды. Бұл мәселені шешу үшін мақала авторлары заңнамадағы кемшілікті жоюға бағытталған кешенді іс-шараны әзірлеу мен қабылдау қажеттігін ұсынады.