ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН САҚТАНДЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_53Кілт сөздер:
медицина қызметкерлері, медициналық мекеме, науқас, сақтандыру, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру, кәсіби жауапкершілік, өтемақы, медициналық қызметтің сапасыАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасында енгізіліп жатқан медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесінің құқықтық алғышарттарын жан-жақты талдауға арналған. Белгіленген мақсатқа жету үшін авторлар медициналық қызметкерлерді кәсіби жауапкершілік тәуекелдерінен қорғауды заңнамалық қамтамасыз ету үшін сақтандыруды пайдаланудың үздік әлемдік тәжірибелеріне, шетелдік құқықтық модельдерге шолу жасаған.
Мақалада елдегі сақтандырудың осы түрінің құқықтық негізіне, сақтандыру тәртібіне және келтірілген зиянды өтеуге, сақтандыруға қатысушы тараптардың өкілеттіктері мен жауапкершілігінің көлеміне байланысты материалдар жинақталған. Жоспар бойынша, 2023 жылдан бастап жұмыс берушілер есебінен, ал 2025 жылдан бастап – медициналық ұйым мен медицина қызметкері арасында сақтандыру сыйақысының сомасын бөлуді көздейтін жүйе жалпы кәсіби жауапкершілікке әкелетін, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға оң әсер етуі тиіс, медициналық ұйымдардағы жанжалдарды азайтуды қамтамасыз етудің тиімді құрал болып табылады.
Мақалада Түркия, Канада, Швециядағы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың модельдері терең қарастырылған. Осыған байланысты авторлармен аталған елдердегі кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасу кезінде өзара сақтандыру ұйымдары мен мамандандырылған медициналық бірлестіктердің рөлі зерттелген. Бұл тәсіл авторларға Қазақстанда шетелдік тәжірибелерді табысты қолдану мүмкіндіктерін қарастыруға және оларды құқықтық қамтамасыз етудің перспективалық бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді.
Мақалада сақтандыру жүйесін енгізудің бастапқы кезеңінде сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін айқындау, сақтандыру төлемдерін рәсімдік қамтамасыз ету және заңда көзделген өзге де кепілдіктер мәселелері ашылады.
Сақтандыру жүйесін енгізудің бастапқы кезеңінде сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемі, төлемдерді жүзеге асыру тәртібі және өзге де ұйымдастырушылық сұрақтар қарастырылған.
Зерттеу нәтижесінде авторлар медицина қызметкері мен медициналық мекеменің ортақ жауапкершілігін бекіту қажеттілігі туралы гипотеза ұсынады, бұл денсаулық сақтау жүйесінің барлық субъектілерінің халыққа сапалы қызмет көрсетуге өзара мүдделілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.