ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ МАЗМҰНЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_13

Кілт сөздер:

құқық, мәдениет, құқықтық мәдениет, құқықтық сана, мемлекет, қоғам, тұлға, жүйе, жеке тұлға, сыбайлас жемқорлық, құқықтық нигилизм

Аңдатпа

 Ұсынылған мақалада әр түрлі отандық және шетелдік қайнар көздерге шолу жасалып және құқықтық мәдениетті дамытудағы шетелдік оң тәжірибе негізінде қазіргі қоғамның құқықтық мәдениетінің мәні мен мазмұнын зерттеу жүргізіледі. Бұл мақаланың мақсаты-бүкіл құқықтық жүйенің дамуы жағдайында құқықтық мәдениет құбылысының түсінігі мен мазмұнын тұтас талдау болып табылады. Ғылыми жұмысты жазу барысында ғылыми талдаудың әртүрлі әдістері: талдау, синтез, салыстырмалы талдау, диалектикалық тәсіл, фактілерді іздеу және таңдау, статистика қолданылды. Құқықтық мәдениеттің мазмұнын ашу барысында құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету және еліміздің әлем елдері арасындағы рейтингтегі жағдайы мәселелері бойынша тәуелсіз шетелдік қайнар көздердің мәліметтері ұсынылды. Мақалада құқықтық мәдениеттің типологиясы, оның ерекшелігі мен іске асыру формасы, құқықтық мәдениеттің функциялары анықталады. Құқықтық мәдениеттің даму мәселесі тек жеке тұлғаның ғана емес, сондай - ақ бүтіндей қоғамның да, қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтиды, құқық саласындағы білімді иелену тұлғаның іс-әрекетінің құқықтық моделіне кепілдік бере алмайды, өйткені, алған білімді және дағдыны тәжірибеде қолдана алып, өз іс-әрекеті үшін жауап беруі тиіс. Ғылыми зерттеудің нәтижелері мақалада құқықтық мәдениеттің табиғи түрде дамуы үшін шаралар мен шарттар ұсынылған және оның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің ашылғандығымен байланысты. Барлық практикалық ұсыныстар мен тұжырымдарды оқу процесінде де, мемлекеттік бағдарламаларды, тұжырымдамаларды, нормативтік дереккөздерді жобалау кезінде де қолдануға болады. Мақаланың соңында құқықтық мәдениетті қалыптастыру - бұл азаматтардың құқықтық сана деңгейіне, құқықтық сауаттылығына және заң шығару қызметінің сапасына байланысты ұзақ және күрделі процесс деген қорытындыға келді.

Түйін сөздер: құқық, мәдениет, құқықтық мәдениет, құқықтық сана, мемлекет, қоғам, тұлға, жүйе, жеке тұлға, сыбайлас жемқорлық, құқықтық нигилизм.

##submission.downloads##

Жарияланды

27.09.2023

##submission.howToCite##

Ахметов, А. (2023). ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ МАЗМҰНЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(74). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_13